Ойшылдардың табиғат туралы қанатты сөздері

0
3223

Қазақтың жазушы-ақындары, зерттеушілері мен ойшылдары табиғатты суреттеп, түрлі кітап жазды. Сол ойшылдардың қоршаған орта туралы сөздерін ұсынып отырмыз.

Дүниенің көрінген не көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды.

Безендірген жердің жүзін Тәңірім шебер,

Мейірбандық, дүниеге нұрын төгіп.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер

Абай Құнанбаев

Дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі – жасыл майса дала, ашық мөлдір аспан, көші-қоны көп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл?

Тіршіліктің ішкі-сыртқы жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән нәрсе…

Шоқан Уәлиханов

Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді.

Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой.

Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.

Табиғатты қорғау мәселелеріндегі ведомстволық көзқарасқа, өткінші тиімділікке төзуге тіпті де болмайды.

Шыңғыс Айтматов

Мен рақметімді алдымен жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан, о қасиетті Жер-ана, сенсің менің ардақтым.

Барша байлықтардың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғатпен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

Ел мен жер – оның көгілдір арманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, кеңес адамдарының жас ұрпағы – сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет.

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.

Жердің төсін еміп, жемісін еріп жеген адамзат нендей ғажаптарды осы жер бетінде жасайды.

Жер… Қасиетті де қастерлі жер. Сен ыстықсың бәрінен де. Сенің бойыңда өзекті жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Жер, қандай қасиетті сөз. Осы бір сөзде бүкіл тіршілік тынысы тұрғандай. Бұл сөздің терең мағынасын адам тілімен айтып жеткізіп алар ма, сірә.

Ыбырай Жақаев

Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі – тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.

Мұхтар Әуезов

Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған. Бірақ үстемдік құратын даналық оған туа бітпеген: ол ондай даналыққа білім арқылы жетеді.

Николай Лобачевский

Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа.

Сайф Сараи

Ең бастысы, табиғатпен тіл табыса білуге ұмтылдым. Шалғай ашық аспаннан, шуақты күннен, көктемгі жаңбырдан пайдалы сыр іздедім.

Жазылбек Қуанышбаев

Comments are closed.