Лондоннан үш есе үлкен айсберг мұхитқа 152 миллиард тонна су қалдырған

0
720
Ұлыбританиядағы Лидс университетінің зерттеушілері A68а мұзтауының еруіне байланысты зерттеулерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлыбританиядағы Лидс университетінің зерттеушілері бес түрлі спутник арқылы айсбергтің қалай және қайда ерігенін анықтай алған. Олар мұзтау ерігенде 152 тонна су қалдырғанын байқап отыр. Алып айсберг өткен жылы Оңтүстік Джорджия аралының маңынан өткен.

“Айсберг ерігенде мұхитқа аққан 152 миллиард тонна тұщы су 61 миллион олимпиада бассейнін толтыруға жетеді. Ол 2020 және 2021 жылдары үш айда еріп кетті”, – дейді Лидс университетінің зерттеушілері

A68a айсбергі қайраң мұздықтан алғаш бөлініп кеткен кезде дүниежүзіндегі үлкен айсбергтердің арасында 6-орынды алған еді. 2020 жылы бұл мұзтау Оңтүстік Джорджияға жақындады. Сол кезде әлем басылымдары ол туралы жарыса жазды. Себебі мамандар бұл мұзтау экожүйеге зиян тигізуі мүмкін деп қорықты.

Алғаш бөлініп кеткен екі жылында A68а Антарктидаға жақын жерде болды. Ол Уэдделл теңізінің салқын суында ери қоймады.

Кейіннен мұзтау Дрейк өткелі арқылы солтүстікке қарай бағыт алды. Сол кезде жылырақ судан ери бастаған екен.

Қазір зерттеушілер A68а-ның қоршаған ортаға әсерін бағалауға тырысып жатыр.

Comments are closed.