Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар “Жер сағаты” акциясын қолдады
Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін ел бойынша “Жер сағаты” дүниежүзілік акциясы өтті. Қазақстанның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары “Жер сағаты” акциясын қолдады.
Бұл – түрлі ел мен миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа өшіретін уақыт. Тіпті жылда осы күні әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтандыруды сөндіреді.
“Ел бойынша 430-дан астам компания сыртқы жарықтандыруды 60 минутқа өшірді”, – деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Республика бойынша “Бәйтерек” монументі, “Мәңгілік ел” салтанат қақпасы сияқты және тағы басқа маңызды архитектуралық ескерткіштер де акция кезінде жарықты сөндірді.
Мұндай акция жылда әлемнің түрлі елінде болады. Кейінгі жылдары Қазақстан да белсенді үлес қосып келеді.