Енді Медеу мен Шымбұлақта электр автобусы жүреді

0
674

Алматыда 14 қазаннан бастап “Медеу-Шымбұлақ” бағытында екі электр шағын автобусы қатынай бастайды. 13 орындық SAIC MAXUS EV90 экологиялық көлігінің бір реттік қуаты 260 – 280 км дейін жүруге жетеді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, Алматыда ELECTRO TAXI пилот жобасының екінші кезеңін іске асыру аясында шағын электр автобустарын “ЭҚС Операторы” сатып алып отыр. Экологиялық көлік сынақтан өтті. Көлік барлық техникалық және экологиялық талапқа сай келеді. Қоршаған ортаға еш зиян келтірмейді.

Электр шағын автобуспен жол жүру құны – 500 теңге. Зейнеткерлер мен жеңілдік санаттары бар азаматтар үшін жолақысы – 250 теңге. Ал 7 жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар тегін жүреді.

Жолақы төлемін Kaspi қосымшасы арқылы («Такси» бөлімінде), қолма қол ақшалай төлемді «Медеу» ЖСК және «Шымбұлақ» КТ орналасқан төлем терминалы арқылы жүргізуге болады.

“ELECTRO TAXI пилоттық жобасын жүзеге асыру Алматыда экологиялық таза көлік құралдарын (электромобильдерді) пайдаланудың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Медеу» мен «Шымбұлақ» нысандарының көпшілікке көрсетер үлгісі болмақ”, – деп хабарлады министрлік.

Comments are closed.