табиғат, экология, лас ауа

Лас ауа жүкті әйелдерге қалай әсер етеді?

0
933

Nature Sustainability журналы Пекинде 2009-2017 жылдар аралығында жасалған зерттеу нәтижесін жариялады.  Бұл зерттеуге 255 668 жүкті әйелдің деректері таңдап алынып, ауаның ластануы оларға қалай әсер ететіні бақыланған. Дәлірек айтқанда зерттеушілер жүкті әйелдердің алғашқы үш айдағы түсік оқиғасы мен ауаның сапасы арасындағы байланысты анықтауға тырысқан.

Зерттеу жасаған кезде ауаны көп мөлшерде ластайтын мына шығарындылар РМ2.5, SO2, O3 және CO мен әлеуметтік-демографиялық жағдай да ескерілген. Сонымен қатар жүкті әйелдер жүрген кеңістіктің автокорреляциясы және қоршаған ортаның температурасына да назар аударылған.

Зерттеу нәтижесінде ауаны көп мөлшерде ластайтын 4 шығарындының да (РМ2.5, SO2, O3 және CO) түсікпен байланысы бары нақтыланды.

Мақала авторлары қауіптің үнемі бола бермейтінін айта келе, ластаушы заттардың концентрациясының жоғарылауына қарай ауыр оқиғалар байқалатынын анықтады.

Мысалы, концентрациялардың жоғарылауымен түсік қаупі қаншалықты артатыны мына жерде көрсетілген:

📈 PM2,5 ⏩ 10 мкг/м3-тен> 130 мкг/м3-ге дейін, түсік тастау қаупі 1,08-ден 1,51-ге дейін артады.

📈 SO2 ⏩ 10 мкг/м3-тен> 19,5 мкг/м3-ге дейін, түсік тастау қаупі 1,17-ден 1,52-ге дейін артады.

📈 О3 ⏩ 10 мкг/м3-тен> 74,4 мкг/м3 дейін, түсік тастау қаупі 1,07-ден 1,23-ке дейін артады.

📈 СО⏩ 1 мг/м3-тен> 1,9 мг/м3-ге дейін, түсік тастау қаупі 1,05-тен 1,17-ге дейін артады.

2013 жылы Қытай үкіметі енгізген ауаның ластануын азайту ережелері ауадағы ластаушы заттардың концентрациясын айтарлықтай төмендетті. Ауа сапасының жақсаруына байланысты алғашқы үш айда түсік тастау қаупі де төмендеді.

Зерттеу нәтижелері ұрықтың аурушаңдығы мен жүкті әйелдер жұтатын ауа арасындағы тікелей байланысты көрсетіп отыр. Жүкті әйелдердегі түсік қаупін азайту БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының тізіміне енгізілгенін атап өткеніміз жөн.

Comments are closed.