Экожобалардың электрон жинағы әзірленді

0
1314
Қазақстандағы экожобалар

Биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ грант негізінде “Қазақстанда экологиялық жобаларды танымал ету және дамыту” жобасы жүзеге асып жатыр. Осы жобаны жүзеге асырушы “Отбасы Хрестоматиясы” қоғамдық қоры еліміздегі табысты жұмыс істеп жатқан 15 экологиялық жобаны іріктеп, олар туралы қазақ және орыс тілінде электрон жинақ әзірледі.

Еліміздегі экологиялық ұйымдар мен жобалардың үздігін таңдау үшін арнайы қазылар алқасы құрылды. Ол топқа мемлекеттік органдар, экологтар, қоғам белсенділері, журналистер кірді. 5 адамнан тұратын комиссия мүшесі экожобалардың жұмысы мен белсенділігін сараптай келе, оларға ұпай беру арқылы 15 үздік жобаны таңдап алды. Солардың қатарында экологиялық ағартушылық пен қоқысты бөліп жинау бойынша өнімді жұмыс істеп жүрген “Tazalyk”, “Жасыл офис”, “Таза қала үшін”, “Recycle BIRGE”, ауылшаруашылық бағытта “Ecofermer.kz”, ағартушылық бағытында “Менің эко-ізім”, “Myecoschool”, “Экомузей”, “Экософия”, “Каз эко патруль”, жануарларды қорғауда “Дворянин” жобалары бар. Ағаш егу, жасыл желекті көбейту бойынша “Подари земле Сад”, “Сосновый бор Алматы”, “Атамекен Эко” сынды ұйымдарды атауға болады. Электронды жинақта олардың жұмыс бағыты, мақсаты, нәтижесі көрсетілген. Олардың жұмысы елдегі экологиялық белсенділікті одан ары арттыруға сеп болады деген үміт бар.

Қазақстандағы экожобалардың электрон жинағын мына жерден көруге болады.

Comments are closed.