Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін

0
1400
құрғақшылық

“Қазгидромет” синоптиктері маусымға жасаған болжамын жариялады. Олар Қазақстанның алты өңірінде құрғақшылық болады деп отыр.

Метеорологтар мәліметі бойынша, ылғалдану жағдайының статистикалық болжамына сәйкес, маусымда Қазақстанның біраз аумағында ылғал жеткіліксіз болады.

“Ақмола (Жақсы ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі. Төтенше жағдай Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

құрғақшылық

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаттары Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізуді ұсынған еді. Олардың айтуынша, бұл өңірлерде мал азығына қатысты жағдай өте қиын. Онда аштықтан, тек ресми мәліметтер бойынша, екі мыңға жуық мал өлген.

Депутаттар үкіметті шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, сонымен қатар агросферадағы жетістіктерге қарамастан, қарапайым проблемалар, оның ішінде жем-шөппен қамтамасыз ету республикада әлі күнге дейін шешілмегенін айтты.

Comments are closed.