бала

Балаларға арналған экологиялық мультфильмдер

0
841

Қоршаған ортаны қорғауды көбіне бізге жақын, үлгі болатын адамнан үйренеміз. Ол балабақшадағы тәрбиеші, мектептегі мұғалім немесе үйдегі ата-ана болуы мүмкін. Бұл ретте ересектерге жауапкершілік жүктеледі. Себебі кішкентай балалар үлкендердің әрекетін қайталайды.

PlastNet желісінің балаларға арналған экологиялық мультфильмдер топтамасын ұсынамыз.

Мультхикаяларды балалармен бірге көріңіз. Қоршаған ортаға қатысты сюжеттерді балаға ауызша түсіндіруге де болады.

Экологиялық мультфильмдер

“Фиксики”

Бұл хикаяда батареяны қоқысқа тастауға болмайтыны туралы айтылады. Балаларға оның зиян екенін көрсетіп, қайта өңдеуге болатыны көрсетіледі.

“Турбозавры”

Бұл мультфильмде қай қалдық шіріп кететіні түсіндіріледі. Мысалы кейіпкер “Көкөністің қалдығын топыраққа көмсең, ол жоғалып кетеді. Ешкімге зияны болмайды” деп балаларға оңай тілмен сөйлейді.

“Свинка Пеппа”

“Свинка Пеппада” анасы үйде пластикке, шыныға және қағазға арнап қораптар орналастырып қояды. Сосын балаларына қай қорапқа қай тұрмыс қалдығын салу керек екенін үйретеді.

“Три кота”

Бұл хикаяда мысықтар ауланы сыпырып, қоқыстан тазалап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайды. Мұны көрген балалар да өзі оқитын мектепті, ауланы таза ұстауға дағдыланады.

“Смешарики”

Теңіздегі пластик қалдықтар туралы көп айтылады. Салдарынан судағы жануарлардың жағдайы ауыр. Мультфильмде теңізді адамзат өзі ластап жатқаны көрсетіледі.

Comments are closed.