маска

Австралия ғалымдары медицина маскасынан жол салмақ

0
54

Мельбурндегі Корольдік технология институтының ғалымдары бірреттік медицина маскасын басқа нәрсеге қалай қолдануға болатынын зерттеп көрді. Science of the Total Environment журналындағы зерттеуге сүйенсек, адамдар күніне шамамен 6,8 миллиард дана медицина маскасын қоқысқа тастайды екен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, 6,8 миллиард масканың 75 %-і полигондарға түседі немесе мұхитта қалқып кетеді. Ал Австралия ғалымдары планета үшін ықтимал зардаптардың алдын алу үшін пайдаланылған маскаларды қайта өңдеу әдісін ойлап тапты. Олар ескі бетондар мен маскаларды қосып, жол салуда қолдануға болатын жаңа материал ойлап тапты. Ғалымдар мұндай қоспадан жасалған жолдар бетон төсемінен гөрі берік, иілгіш және икемді болуы мүмкін дейді.

“Маскадағы полипропилен талшықтары үйінділердің бөлшектері арасындағы байланысты нығайтады, бұл жолды берік етеді”, – дейді ғалымдар.

Эксперимент жетекшісі, профессор Джи Лидің айтуынша, бетперде араласқан бетонды жолдың төрт қабатының екеуінде қолдануға болады. Олар екі жолақты 0,62 миль (немесе 1 км) жолға шамамен 3 миллион маска немесе 93 тонна қалдық қажет болады деп есептейді.

Зерттеушілер мұндай қоспаны пайдалану құрылыс шығындарын 30% төмендетеді дейді. Бір ғана карьерден бетон алудың тоннасы шамамен 50 доллар тұрады. Ал қайта өңделген бетонның құны – шамамен 26 доллар. Маскаларды жинау және дезинфекциялау құнын ескере отырып, дайын қоспаның бір тоннасы 32 доллардан 78 долларға дейін болуы мүмкін деп түсіндірді Джи Ли.

Ғалымдар бұл құрылыс материалынан жасалған жолдар қазіргіден 30% арзанырақ және берік болады деп есептейді.

Тағы оқыңыз: Пандемия шаралары: Масканы қоқысқа қалай тастаймыз?

Comments are closed.