Алматыда еріктілер қараусыз иттерге арнап алаң ашты

0
928
Жануарлар ауылы

“Жануарлар ауылында” иттерге тамақ беріледі, медициналық көмек көрсетіледі.

Pet Ville – жануарларға көмектескісі келетін еріктілердің жобасы. Олар көп жануарға көмектесе алу үшін арнайы PetVille.app қолданбасын ашқан. Қолданбаны смартфонға жүктеп алып, қараусыз қалған жануарларды көруге, көмек ретінде қаражат аударуға болады. Сонымен қатар қолданбадан осыған дейін қанша қаражат жиналғанын білуге болады.

“Жануарлар ауылында” камералар бар. Pet Ville қолданбасы арқылы жануарлардың жағдайын, не істеп жатқанын да көруге болады.

Жобаның мақсаты – адамдарды жануарды қорғауға шақыру және кемінде 100 итті құтқарып қалу.

Comments are closed.