Бұлбұл “жыл құсы” болып жарияланды

0
1274

Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы бұлбұлды Қазақстандағы “жыл құсы – 2022” деп жариялады.

“Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы 2022 жылдың құсын таңдады. Жалпы тізімді қауымдастық өкілдері мен Қазақстандағы құстарды қорғау одағының орнитологтары ұсынды. Нәтижесінде бұлбұл Қазақстандағы “жыл құсы” болып жариялады”, – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Биоалуандықты сақтау қауымдастығы Қазақстандағы құстарды қорғау одағымен бірлесіп проблемаларға назар аудару үшін жыл сайын “Жыл құсы” ақпараттық науқанын өткізеді. Қазақстанда “жыл құсын” таңдау 2006 жылдан бері бар.

2021 жылы “жыл құсы” бірқазан болғанын хабарлаған едік. Ал 2020 жылы “жыл құсы” ителгі болған еді.

Қазақстанда бұлбұлдың 2 түрі бар (оңтүстік және қарапайым). Олар бір-біріне өте ұқсас. Құстың 2 түрі де қыста басқа жаққа ұшып кетеді. Қарапайым бұлбұлдар ұясын елдің солтүстігінде, ал екінші түрі басқа өңірлерде салады.

Comments are closed.