киік

Елімізде киік төлін санауға волонтерлар қажет

0
1399

Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы киік төлінің ғылыми мәліметтерін жинауға көмектесе алатын волонтерларды іздестіріп жатыр.

Қауымдастықтың мәліметінше, 4-19 мамыр күндері Қостанай мен Ақтөбе облыстарында киіктің Бетпақдала популяциясының, ал 5-21 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысында Орал популяциясының төлдеріне санақ жүргізу үшін үш-үштен 6 волонтер керек.

Волентерлар өңірлерге Нұр-Сұлтаннан шығады.

Волентерлардың негізгі міндеттеріне трансекталарда киіктің жаңа туған төлдерін іздеу, салмағын өлшеу, мәліметтерді жазып алу және қауымдастық мамандарына қажет өзге де көмек түрлерін көрсету кіреді.

Далалық лагердегі жұмыс уақыты 7.00-де басталып, 17.00-ге дейін жалғасады және күніне 15 шақырымнан астам жол жүреді.

Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы волонтерларды астанадан дала лагеріне дейін көлікпен жеткізеді және жолда қонақүй, тамақтану шығынын көтереді. Төсеніш және ұйықтауға арналған матраспен қамтамасыз етіледі, – делінген хабарламада.

Волонтер болғысы келген азаматтар мына сілтемеге өтіп, өтініш толтыруы қажет. Лайық кандидатты таңдағаннан кейін қауымдастық мамандары хабарласады.

Comments are closed.