Алматыда алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

0
1907

Алматыдағы Dostyk plaza сауда орталығына фандомат орнатылды.

Фандомат дегеніміз – сусынның бөтелкесін немесе басқа да пластикті салып, орнына бонус, балл алуға мүмкіндік беретін аппарат.

Фандоматқа нені салуға болады?

Қазақстандағы алғашқы фандоматқа сусынның PET-бөтелкесі (пластик бөтелке) мен алюминий бөтелкені салуға болады.

Фандомат бөтелке үшін ақша бере ме?

Орнына бонус аласыз. Ал бонус Smart plaza қолданбасында жиналады әрі оған сол қосымшадағы экологиялық тауарларды ала аласыз.

Кішігірім ереже

Пластик бөтелкелер мен алюминий қалыптар таза әрі құрғақ болуы керек. Сынбаған, мүжілмеген түрінде салу қажет.

Бөтелкенің сыртындағы қағазын алуға болмайды. Себебі аппарат қағаздағы штрих-кодты оқиды.

Бөтелкенің көлемі 2,5 литрден аспауы керек.

Қалдықтарды кім өңдейді?

Фандоматты “Таза қала” қайта өңдеу зауыты орнатты. Зауыт аппаратта жиналған қалдықтарды өңдейді.

Сонымен қатар Dostyk plaza-дағы фандоматтың қасында шыны ыдыстарға, макулатураға және пластикке арналған жәшіктер бар.

Мекенжай: Алматы, Dostyk plaza сауда орталығы, паркинг.
Смартфонға Smart plaza қолданбасын жүктеп алуды ұмытпаңыз.

Comments are closed.