Көкжайлау жері мемлекетке қайтарылады

0
943
Көкжайлау

Көкжайлауда жекенің құрылысы жүрмейді. Айрықша қорғалған аймақты ұлттық парк аумағына қайтару жұмысы бітуге жақын қалды. Ұлттық парк өкілдері қазір жер телімін толығымен қайтарып алу үшін құжаттарға қол қойса, болғаны. Осылайша тау-шаңғы курортын салу үшін кезінде бөлінген мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайта өтетін болды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

“Көкжайлау” жобасы басталмай жатып дау тудырған еді. Табиғат жанашырлары мен экологтар бұл қаланың тынысын тарылтумен бірдей деп наразы болды. Осылайша бұл мәселеге Президент нүкте қойған еді.

Бір жылдан бері кезінде ұлттық парктен алынған жерлерді қайтару жыр болған еді. Қазір бұл процесс аяқталуға таяп қалыпты. Орманшылар “Ол жердің әр өсімдігіне дейін жақсы білеміз, абырой болғанда бірде бір ағаш кесілмеді” деп отыр.

Райхан Мұхамеджанова, “Іле Алатау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аға орманшысы:

Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Сол өткізілген 1002 гектар қайтадан біздің ұлттық парктің орман қоры аумағына аударылады.

Ал өткен жылы Іле-Алатау паркінің біраз бөлігі 49 жылға инвесторларға жалға берілген еді. Бүгінде онда алғашқы визит орталығы ашылды. Жаңа визит орталыққа екі аптада 300-ден астам адам келіп үлгеріпті. Орталықта туристік бағыт туралы ақпарат алып, тамақтанып, тынығуға болады.

Рашида Шайкенова, қазақ туристік қауымдастығының директоры:

Шетелдік және отандық туристер бұл жерден қажет ақпарат, тиісті бағыттар туралы сәлімет алады. Атап айтқанда, жалғыз аяқ жолдың бағыты мен қашықтығы, қандай сүрлеулері бар екені туралы және сақтану жолдары көрсетіледі.

Comments are closed.