Қазақстанда үйсіз жануарларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы басталды

0
1626

Бұл туралы “Қазақстан волонтерлар лигасы” қоғамдық қоры мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған “Birgemiz: Аyala” жобасы аясында волонтерлар үшін шағын гранттар байқауы ашылды. Конкурстың мақсаты – волонтерлық бастамаларды және жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру жөніндегі жобаларды дамытуға, волонтерлардың жеке бастамаларын қолдауға бағытталған конкурсты ұйымдастыру және 5 шағын грант (әр жобаға 500 мың теңге) бөлу.

Шағын гранттар конкурсына Қазақстанның бастамашыл топтары мен үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады. Оған еліміздің барлық өңірінің тұрғындары қатыса алады, алайда жоба Нұр-Сұлтан аумағында жүзеге асырылады.

Байқау ережесін @league_volunteers және @birgemiz Instagram профилінен табуға болады.

Шағын гранттар беруге арналған конкурс келесі 5 тақырып бойынша жарияланады:

1. Балалар мен жасөспірімдер арасында адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша акциялар.

2. Жануарларға қарым-қатынас мәдениетін өзгертуге бағытталған флешмоб.

3. Қоғамдық назар аудару бойынша жануарлардың фотокөрмесі.

4. Тегін ветеринариялық қызмет көрсету.

5. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер.

Конкурс 2021 жылдың 29 сәуір және 25 мамыр аралығында өтеді. Бір тақырып бойынша адамнан тек бір өтінім (бірден) қабылданады. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған “Birgemiz: Ayalа” жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылады.

Comments are closed.