Ecoinfo.kz – экология бағытында ақпарат тарататын алғашқы қазақша ақпараттық-сараптамалық портал. Сайт Қазақстандағы және дүниежүзіндегі экология мәселелерін қозғап, ол туралы ақпарат, жаңалық, ғылыми зерттеу қорытындысын бөлісіп отырады. Сонымен қатар экологтар, экобелсенділермен сұхбат жариялап, елдегі және дүниежүзі деңгейіндегі экология құжаттары топтастырылады.

Оқушылар мен студенттерге, мұғалімдерге қажет экологиялық материалдар, ғылыми жұмыстар, оқу әдістемелер салынады. Қазақстанда қандай да бір экологиялық заң бұзушылықтар байқаса, сол туралы оқырман шағымданса, Ecoinfo.kz порталы оған қоғам назарын аударуға әрекет етеді.