zhantaq_tea

Құрамы әлемнің бірде бір елінде кездеспейді

0
675

Шапағат Баймұхаммед: ZHANTAQ.TEA денсаулыққа пайдасы мол, құрамы әлемнің бірде бір елінде кездеспейтін отандық өнім.

ZHANTAQ.TEA компаниясының промоутері Шапағат Баймұхаммедпен  шілде айының 29-31 күндері Атакентте өтіп жатқан  “Қазақстанның үздік тауарлары” атты көрме – байқауда жолықтық. Өз компаниясының өнімі және адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы айтып берді.

ZHANTAQ TEA  компаниясы қашан құрылды?

Негізі компанияның идеясы және бастауы 2018 жылдан басталады. Ал өнім ретінде 2021 жылдан бастап  халыққа ұсыныла бастады.

ZHANTAQ TEA  компаниясының мақсаты?

ZHANTAQ Tea компаниясының миссиясы – адамдардың өмірі мен денсаулығын жақсарту! Сонымен қатар ZHANTAQ Tea сусынының Kaz ECO PATROL экологиялық сапа белгісі бар, ол өнімді тасымалдау және сақтау кезінде қоршаған ортаға экологиялық залал келтірілмейтініне кепілдік береді.

ZHANTAQ Tea  өнімі жайлы айтып берсеңіз?

ZHANTAQ Tea сусыны –керемет антиоксидант, ол қанды сұйылтады, осылайша қан тамырларын тазартады және денеден токсиндерді кетіруге көмектеседі. Қан айналымын жақсартады, денені жақсы күйде ұстауға көмектеседі, сонымен қатар метоболизмді жылдамдатады.  Адам ағзасына 20 аминқышқылы  қажет. ZHANTAQ Tea сусынының құрамында 13 аминқышқылы кездеседі. Олар: валин, лизин, фенилаланин, лейцин, троенин, триптофан, изолейцин, метионин, серин, глицин, аргенин, аланин, цистеин. Осы аминқышқылдарының  8-і адам денсаулығы үшін маңызды.

ZHANTAQ Tea сусынының ерекшелігі жан-жақтылығында: жастар мен қарттарға да, белсенді спортшылар мен кеңсе қызметкерлеріне, дене бітімін және сырт- келбетін күткендерге, диабетиктер мен аллергиясы бар адамдарға да  жарамды.

ZHANTAQ Tea сусынының пайдасы ол ағзаны токсиндерден тазартатын ,сергітетін әсерге ие, сонымен қатар бүйректен құм мен тастарды кетіруге жақсы әсер етеді, ас қорытуды жақсартуға, қан тамырларын кеңейтуге және нығайтуға, соның ішінде тыныштандыруға көмектеседі және дененің төзімділігін арттырады. Құрамы 100% эко өнім болып табылады. Құрамына: гмо, кофеин, қаныққан майлар, тәттілендіргіштер және т.б.қосылмаған

Өнім барлық сынақтардан өткен, ол ғылыми есеппен расталған және халықаралық стандартқа сәйкес сертификатталған. Жантақ шайында артезиан суы қолданылады. Біздің өнімді жасау идеясы оны дайындауда қолданылатын шикізаттың емдік қасиеттеріне байланысты халқымыздың денсаулығы туралы алаңдаушылыққа толы.

Қазір 2 түрлі нұсқада ұсынылады. Бірі CLASSIC (қантсыз), екіншісі SWEET (қантпен).

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.