Қостанайдағы Әулиекөл ауданының ауа сапасы тексерілді 

0
912
түтін, өрт

4 қыркүйекте өрт болып жатқан Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ҚР ЭГТРМ қарасты «Қазгидромет» РМК мен облыстық экология департаменті «Қазгидрометтің» зертханасы негізінде, ауаға жоспардан тыс бірлескен кешенді зерттеу жүргізді.

Аталмыш жұмыс 5 нүктеде атап айтар болсақ, Новонеженка, Аманқарағай, Әулиекөл, Бағаналы және Лесное ауылдарында ұйымдастырылды.

5 ауылда азот диоксиді мен көміртегі оксидінің және күкірт диоксидінің жоғарылау көрсеткіші тіркелді, – деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ауа-райының ахуалы жауын-шашынсыз болды және солтүстік-шығыс бағытта соққан желдің жылдамдығы 3-4 метрден аспады. Түтінге байланысты көру мүмкіндігі төмен болды.

Қазір өрт сөндіру жұмысы Лесное мен Бағаналы ауылдарының маңында жүріп жатыр. Келтірілген шығын көлемін тілсіз жау толық ауыздықталғаннан кейін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Жалын шарпыған жер аумағы – 43 мың гектар.

Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш егу тапсырмасына сәйкес, Қостанай облысы бойынша алдағы 5 жылда 28,8 мың гектар жерге 168 млн түп ағаш егіледі. Биыл жоспарланған 4,3 мың гектар жерге 24 млн түп ағаштың 14 млны көктемде егілді, қалғаны күз айларында аяқтау жоспарланып отыр.

Comments are closed.