Тимур Елеусізов

Тимур Елеусізов: Орманды сапалы түрде қалпына келтіру 30-50 жылға созылады

0
643

ҚазЭкоПатруль Қостанай облысында қарағайлы орман құруға ниетті. Олар 58 гектар алқапқа жалпы саны 70 мың ағаш егуді жоспарлап отыр. Өңірде болған орман өртінің шығыны мен олардың орнын толтыру туралы Kaz Eco Patrol қоғамдық ұйымының төрағасы, қоғам қайраткері Тимур Елеусізов өзінің әлеуметтік парақшаларында жазды. Ecoinfo.kz табиғат жанашырының жазбасынан негізгі мәліметтерді ұсынады.

Қостанай облысында орман өртінен жүзден астам үй өртеніп, 2000 жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Өрт аумағы 43 мың гектар болды. Тимур Елеусізовтың айтуынша, бұл облыстағы орман қорының жартысына жуығы еді.

Түсінікті болуы үшін бұл аумақ Алматы ауданының 2/3 бөлігіне тең екенін айта кетейік. Бұл дегеніміз – жүздеген мың тонна оттегіні 3-4 күнде жоғалтқанымыз. Ешкім бізге ағаштың шығынын, оның қанша тұратынын айтпайды. Консерватив бағалаулар бойынша, біз жүздеген тонна СО2 ұстайтын 25 миллионнан астам жетілген 30-40 жастағы ағаштарды жоғалттық, – деп жазды Kaz Eco Patrol қоғамдық ұйымының төрағасы.

Төтенше жағдайлар министрі оқиға орнында жедел штабты басқарды. Ел президенті өңірге келді.

Бірақ мұны істеуге тұра ма? Жергілікті биліктің қатесіне қарамастан, егер олар ертерек көмек сұраса, орталықтан жедел әрекет еткенде, өртті тезірек сөндіруге болар еді. Маңызды мәселе – облыстың өрт сөндіру бөлімшелерінің кадрлық құрамы мен жабдықталу деңгейі, осы және басқа да мәселелердің шешімін арнайы ведомствоаралық комиссия табуы қажет.

Тимур Елеусізов

 

орман өрті

Фото: Unsplash.com/Matt Howard

Қорықтар мен саябақтардың ерекше шоғырланған жерлерінде төтенше жағдайлар күшін нүктелік оқшаулау мәселесін талай рет көтерді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесін осы күндері көрдік. Біз бұдан былай жауап беру тәжірибесінен бас тартуымыз керек дейді табиғат жанашыры. Оның сөзінше, тек жоспарлау, тәуекелдерді объективті бағалау қатенің алдын алуға, алдын ала әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қалпына келтіру қиын болады. Себебі 43 мың гектар құнарлы жерді жоғалтып алдық. Оның үстіне ол жер әлі тағы бірнеше жыл тақыр болады. 25 миллион ағаш санын қалпына келтіру үшін 15 жылдан астам уақыт қажет. Бірақ одан кейін де орман бұрынғыдай болмайды. Жылына шамамен 2 миллион көшет егу 350 мың (20-25%) осы табиғи нормадан тыс қалады. Сондықтан сапалы қалпына келтіру 30-50 жылға созылады.

Қандай шығынға ұшырағанымызды түсініп, екі есе ренжулімін. Мен үшін бұл өте жеке, өйткені ҚазЭкоПатруль қызметінің маңызды бағыттарының бірі – Қазақстан бойынша ағаш егу. Біздің жобамыз – қарағайлы орман. Алматы маңындағы 6 гектар жерге 7 мыңнан астам ағаш еккен едік.

Тимур Елеусізов

Бүгінде Kaz Eco Patrol қоғамдық ұйымы 58 гектар алқапқа жалпы саны 70 мың ағаш егуді жоспарлап отыр.

Орман алқабын құру бойынша ұқсас жобалар еліміздің әрбір өңірінде болуға тиіс деп шын жүректен сенемін. Сондықтан барлық өңірлерде ҚазЭкоПатрульдің 20 филиалын құру бойынша үлкен жұмыс қарсаңындамыз. Біз Қостанай облысында ағаш егу бойынша тиісті жобаны іске қосамыз. Мемлекеттік органдар мен бизнес бізді қолдайды деп үміттенемін. Әкімдіктен аумақты көрсету талап етіледі. Ал бизнестен көшетті сатып алуға көмек сұраймыз. Жасыл қорды толықтырудың екінші көзі – заңға сәйкес барлық өндірістік кәсіпорынның айналасында орман белдеуін құру. Осы нәрсе елде іс жүзінде өте нашар жасалынады. Біз енді олармен тікелей жұмыс істей отырып, олқылықты түзетеміз, – деді Kaz Eco Patrol қоғамдық ұйымының төрағасы.

Адамдар ағаштардың маңызын түсінеді және жақын арада әр аймақта Қарағайлы ормандар пайда болатынына үлкен сеніммен қараймын.

Қорытындылай келе ҚазЭкоПатруль ұйымы Қостанай филиалының басшысы Максим Фроловқа алғысымды білдіргім келеді. Ол қазір өз өңірінде алдыңғы қатарда. Өрт сөндіруге қолдау көрсетіп жатыр. Сонымен бірге гуманитарлық көмекті жинап, таратып жатыр. Максим Фролов, осы бетіңізден қайтпаңыз. Бірақ бізде әлі жұмыс көп, – деп жазды Тимур Елеусізов.

орман өрті

Фото: Unsplash.com/Joanne Francis

4 қыркүйекте өрт болып жатқан Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ҚР ЭГТРМ қарасты «Қазгидромет» РМК мен облыстық экология департаменті «Қазгидрометтің» зертханасы негізінде, ауаға жоспардан тыс бірлескен кешенді зерттеу жүргізді.

Аталмыш жұмыс 5 нүктеде атап айтар болсақ, Новонеженка, Аманқарағай, Әулиекөл, Бағаналы және Лесное ауылдарында ұйымдастырылды.

5 ауылда азот диоксиді мен көміртегі оксидінің және күкірт диоксидінің жоғарылау көрсеткіші тіркелді, – деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ауа-райының ахуалы жауын-шашынсыз болды және солтүстік-шығыс бағытта соққан желдің жылдамдығы 3-4 метрден аспады. Түтінге байланысты көру мүмкіндігі төмен болды.

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.