Мен экология туралы айтқанда, сіздер әділеттілік туралы айтасыздар

0
808

16 жасында әлемді шулатқан Грета Тунберг қазір 19 жаста. Әрі эко белсенді өз жұмысын қарқынды жүргізуде. Грета маусым айында Glastonbury 2022 фестиваліне қатысты. Әрине, осы фестивалде Гретаға қазіргі  Z ұрпақтың экобелсендісі ретінде сөз берілді. Грета климаттың өзгеруі және биосфераның қазіргі жағдайы туралы сөйледі. Биосфераның қазіргі күйі нормаға сай емес екендігін баса айтты.

Грета Тунберг: «Маған, сізге және бәрімізге  барлығын түзету үшін  тарих алдында үлкен жауапкершілік жүктелген. Бізде адамзат тарихындағы шешуші сәтті жасауға мүмкіндік бар. Бізге биосфераны ретке келтіретін  уақыт келді.» -деп халыққа үндеу тастады.

Сөз соңын Грета Тунберг «Мен экология туралы айтқанда, сіздер әділеттілік туралы айтасыздар!» деп аяқтады.

29 маусымда  өткен саммитте НАТО елдерінің басшылары Финляндия мен Швецияны одаққа қосылуға ресми түрде шақырған болатын. НАТО-ға мүше 30 елдің ішінде Түркия Швеция мен Финляндияның одаққа кіруіне қарсы шықты. Осы оқиға бойынша Грета  өз елінің НАТО-ға кіруіне қарсы екенін twitter-де айқын көрсетті.  Грета Тунберг twitter желісіне «НАТО жоқ!» деген суретін жүктеді. 

Грета осы жазда осындай ауқымды мәселелерде өз пікірін білдірді. 

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

фото : fil.kz

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Comments are closed.