10-20 тамызда Арал теңізінде IV жыл сайынғы жазғы мектеп өтеді

0
806
Арал теңізі

Мектеп болашақта аймақтағы жағдайға әсер ететін жас ұрпаққа арналған.

Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның қатысушылары су шаруашылығы мамандарымен байланыс орнатуға, өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастық туралы көбірек білуге, сонымен қатар су ресурстары саласындағы өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алады.

Шараны Қазақстан-Неміс университеті ЮНЕСКО, Германия Сыртқы істер министрлігі, GWP, IFAS, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы және т.б. серіктестікте ұйымдастырып отыр.

Жазғы мектепке әртүрлі пәндердің ұлттық және халықаралық студенттері (бакалаврлар, магистрлер және PhD докторлары) қатыса алады.

Жазғы мектепке қатысу үшін не қажет?

🔸 18 бен 35 жас аралығы.
🔸 Ағылшын тілін жетік білу (орыс тілін білуге ​​артықшылық беріледі).
🔸 Орталық Азияның аймақтық жағдайы туралы білімге ие болу.
🔸 Арал теңізіне қатысты жұмыс және/немесе зерттеу тәжірибесінің болуы.
🔸 Жазғы мектепте алған біліміңіз бен тәжірибеңізді пайдалануға дайын болыңыз.
🔸 Мектептің негізгі үш тақырыбына қызығушылық танытқан жөн: азық-түлік пен ауыл шаруашылығына арналған су, жер асты сулары, экономикалық өркендеу үшін су.

Қатысу қанша тұрады?

Ұйымдастырушылар Орталық Азия елдерінен үміткерлер, атап айтқанда Орталық Азия елдері мен Ауғанстан азаматтары үшін шараға қатысу шығындарын көтереді.

Басқа елдерден келген қатысушылар өз елінен Алматыға және кері қарай виза, сақтандыру және жол жүру шығындарын өздері төлеуі керек. Басқа шығындар, соның ішінде тамақтану, тұру және Алматыдан Арал теңізіне дейін және кері жол жүруді шақырушы тарап көтереді.

Қатысуға қашан өтініш бере аласыз?

Өтінімдерді 2022 жылдың 31 шілдесі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23.59-ге дейін бере аласыз: //forms.gle/NwDo5C95H4ZXWXJJA

Comments are closed.