қой

Құрбан шалу: қалдықтарды қайтеміз?

0
525

Мұсылман жұрты Құрбан айт күндері ең ізгі болып саналатын Құрбандық шалу рәсімін орындайды. Малды сойып, Алла разылығы үшін етін мұқтажға, ел-жұртқа таратады. Құран оқытып, құдайы тамақ береді.

Осындай мереке күндері ысырапқа жол бермей, қалдықтың көп шығарылмауын да ескерген жөн. Себебі Ислам діні ысырап етпеуге шақырады.

Құрбан айтты қалай экологияға зиянын тигізбей өткізуге болады?

Құрбанға шалынған малдың терісін не істейміз?

Құрбанға шалған малдың терісін садақа етіп берген абзал. Өңдеп үй қажетіне де қолдануға болады. Айша анамыз құрбанға шалынған мал терісінен мүтара (сиқа) жасап, қолданатыны деректерде бар. Бірақ құрбан терісін ақшаға сату – мәкрүһ (жағымсыз, ұнамсыз іс). Өйткені пайғамбарымыз (с.а.у) «Кім құрбанынан терісін сатса, шалған құрбаны жоқ есеп», деп теріні сатпауды баса айтқан. Дегенмен түскен ақшаны садақа ету мақсатында теріні сатуына болады. Сонымен қатар қасапшыға да қасапшылығының ақысы ретінде теріні беру – мәкрүһ. Бұл туралы Islam.kz сайтында айтылған.

Етті қайда беру керек?

Қазақстан мқсылмандары діни басқармасының мәліметінше, құрбандықта бауыздау ғана міндет. Ал етін садақа ету – сүннет. Құрбандық иесі еттің бәрін жей алады немесе сақтап қояды. Бай адам етке мұқтаж болмаса, тәбәрік ретінде еттен дәм татып, қалғанын садақа еткені – мұстахаб. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құрбандық шалсаңдар, оның етінен жеңдер және одан басқаларға да беріңдер», – деген.

Жағдайы орташа адам еттің үштен бірін өзі жейді, үштен бірін қонақтарға асып береді немесе қалдырады, тағы үштен бірін садақа етеді. Бала-шағасы көп әрі жағдайы төмен болса, еттің бәрін өзіне алып қалғаны – мұстахаб. Өйткені өзінің және отбасының қажеті басқаның қажетінен жоғары тұрады. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «(Садақа беруді) өзіңнен баста, сосын басқаға бер» (Бәдаиғус-санаиғ, 5/81).

Малдың қай ағзасы желінбейді?

Еті адал малдардың мына азғалары желінбейді: аққан қаны, аталық, аналық мүшелері, дорба бездері, қуығы, өті. Өйткені Алла тағала Құранда «…Жақсы нәрселерді олар үшін адал етіп, жек көрінішті жаман нәрселерді харам етті», деп келе, таза азықты жеуімізді білдіріп тұр. Ал жоғарыдағы ағзалар жалпы алғанда адам табиғаты ұнамсыз санайтын нәрселер. Сондықтан оларды жеу – харам. Бұл туралы Islam.kz сайтында жазылған.

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.