Recycle birge

Recycle birge жобасы

0
669

Жобаның бағыты: ​Экологиялық жəне əлеуметтік жобаларды іске асыру.

Қысқаша мəлімет: ​Recycle BIRGE (БІРГЕ) – тұрмыстық қалдықтарды дұрыс пайдалануды жəне экологиялық таза өмір салтын талап ететін қоғамдық экологиялық жоба. Recycle BIRGE жобасы «Greenup.kz» қоғамдық қорын аясында жүзеге асады.

Төменде жоба қызметінің бағыттары келтірілген:

  • Қоғамдық экологиялық сенбіліктер өткізу жəне ұйымдастыру;
  • Оқу орындарында жəне тұрғындар арасында дəрістер мен қойылымдар арқылы
  • экологиялық білім беру;
  • Эко-кеңес беру жəне ұйымдарға қалдықтарды бөлек жинаудың жүйесін енгізуге
  • көмектесу;
  • Қоғамдық іс-шараларды өткізу;
  • EcoSphere экологиялық ​мобилді қолданбаны ​шығару.

Жобаның мақсаты мен міндеттері: Ттұрғындар арасында қалдықтарды бөлуге жəне тұтыну туралы хабардар етуге ықпал ету.

Міндеттері:

  • Экологиялық əдеттерді күнделікті өмірге енгізу үшін инфрақұрылымды (жағдайларды) құру.
  • Қалдықтарды бөлу қажеттілігі туралы халықты ақпараттандыру.
  • Дəрістер, семинарлар, мастер-класс арқылы оқыту.

Жобаның әлеуметтік желідегі парақшалары:

Instagram: @recycle.birge

Instagram: @recycle.birge.qaz

Facebook: Recycle BIRGE

Жобаның жетістіктері:

  • 38-ден астам экосенбілік өткізілді. Оған қатысқан адам саны – 1,8 мың.
  • 12 э​кологиялық мерекелік шаралар өткізілді. Қатысқан адам саны – 63 мың.
  • 30 тренинг жəне дəрістер өткізілді.
  • 45-тен астам с​өз сөйлеу жəне интервью шықты.

Comments are closed.