Қоқысты өңдеуге алаңдайтын жастарға арналған байқау басталды

0
841
Қоқыс полигоны

Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «StopMusor» әлеуметтік жобасы аясында 2023 жылдың 27 наурызы мен 27 сәуірі аралығында «Стихиялық құрылыстық қоқыс үйінділерімен күрес және/немесе қоқысты өңдеуге қатысты жастар арасындағы үздік бастама» атты байқауға өтінімдер қабылдай бастады.

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, құрылыс қалдықтарына ғимараттарды, құрылыстарды, өндірістік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, реконструкциялау, жөндеу (оның ішінде күрделі) немесе салу кезінде пайда болатын қоқыстар жатады.

Байқаудың мақсаты – стихиялық полигондар мен құрылыс қалдықтарының пайда болуына байланысты жастарды экологиялық саясатты қалыптастыруға тарту, өскелең ұрпақтың инновациялық идеялары арқылы қалыптасқан мәселені шешу.

Байқаудың миссиясы: жастардың инновациялық белсенділігін ынталандыру; жастарды экологиялық мәдениетке баулу және олардың бойындағы осы қасиетті дамыту; Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін шешуде жастардың интеллектуалдық әлеуетін пайдалану үшін жағдай жасау; отандық инновациялық жобаларды одан әрі коммерцияландыру және ұлттық кәсіпорындарда өндіріске енгізілуіне атсалысу.

Байқауға қатысуға өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:

  1. «Құрылыс қалдықтарының алдын алу бойынша үздік идея»
  2. «Құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу бойынша үздік идея»
  3. «Құрылыс қалдықтарын кәдеге жарату бойынша үздік идея».

Байқауға Қазақстан мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Байқау ережесіне қатысты толыққанды ақпаратты www.stopmusor.kz сайтынан ала аласыз.

Жалпы ақшалай жүлде қоры – 600 000 теңге. Жүлде қоры бір жеңімпазға берілуі немесе байқау жеңімпаздары арасында бөлінуі мүмкін.

(Қосымша сұрақтар бойынша жоба менеджерлеріне 8 (7172) 99 94 08 (Асыл) және +7 702 935 6658 (Дениза) номері арқылы хабарласуға болады.)

 

Comments are closed.