25 наурызда “Жер сағаты” дүниежүзілік акциясы болады

0
520
Жер сағаты

Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша “Жер сағаты” дүниежүзілік акциясы басталады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Бұл күні түрлі елдерден миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа өшіреді. Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтандыруды сөндіреді.

“Барлығыңызды акцияға бірге қатысуға шақырамыз”, – делінген министрлік хабарламасында.

Comments are closed.