Талдыкөл туралы деректі фильм шықты

0
1016

Nukte Youtube арнасы Талдыкөл туралы деректі фильм түсірді. Авторлар фильмді 20 қазанда жариялады. Деректі фильмде мамандар Талдыкөлді неліктен сақтап қалу керек екенін, қандай жануарлар мекендейтінін айтады.

“Мейлі, Қазақстанның қай өңірінен болсаңыз да, Талдыкөл туралы естідіңіз. Көлдегі құрылысқа қандай да бір жеке көзқарасыңыз болса, біз қуаныштымыз. Өйткені бұл – қоғамдағы оқиғаға бей-жай қарамайтыныңыздың дәлелі. Дегенмен Талдыкөл туралы не білесіз? Ол жерде жануарлар мен құстардан басқа не бар? Құрылыстан 50 метр қашықтықта зираттар бар екенін біліп пе едіңіз? Ендеше бұл деректі фильм сізге арналған”, – деп жазды Nukte каналының авторлары.

Фильмді бір күнде 500-ге жуық көрермен тамашалаған.

Comments are closed.