“Құстар қайтып келеді”: Кіші Талдыкөлді сақтап қалуды бүлдіршіндер де қалайды

0
974

Кіші Талдыкөлді сақтап қалу мақсатында құрылған #SOSTaldykol қоғамдық қозғалысы күннен күнге белсенді жұмыс істеп жатыр. Мұндай бастамаға жергілікті тұрғындар да қосылып, көлді сақтап қалу мақсатында түрлі шараға белсенді қатысып жүр.

Бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласының кішкентай тұрғындары, атап айтқанда Аружан, Әсия, Альмұрат, Али және Инсар есімді бүлдіршіндер Кіші Талдыкөл маңында плакат ұстап, фотоға түсті. Олар осылайша Кіші Талдыкөлді сақтап қалуға шақырады.

Плакаттарда “Көлді сақта”, “Құстар қайтып келеді”, “SOSTaldykol” деген сөздер жазылған.

“Кішкентай команда болса да, ең өжет балақайлармен бірге адамдарды Кіші Талдыкөлді сақтап қалуға шақырамыз. Біз осы фотосессия арқылы құрылыс компаниясы жасап жатқан үлкен қатені көрсеткіміз келді. Қараңызшы, балалар табиғатта қандай жақсы көңіл-күйде жүр!? Табиғат пен адам үндестікте өмір сүретін елдердің тәжірибесін өзімізге енгізуге де болады ғой”, – деп жазды SOSTaldykol өкілдері.

Фотолар @sos.taldykol Instagram парақшасынан алынды. Фото авторы: @lyusi_trofimova

Тағы оқыңыз: Кіші Талдыкөлді сақтап қалу неліктен маңызды?

Comments are closed.