Каспий Арал теңізінің тағдырын қайталай ма?

0
1360
Каспий теңізі

Каспий теңізінің су деңгейі төмендеп барады. Бұл туралы экологтар мен қоғам белсенділері айтты деп хабарлайды “Астана” телеарнасы. 

Жергілікті тұрғындар теңіз біртіндеп таяз болып бара жатқанына алаңдаулы. Оған NCOC компаниясының түпті тереңдету жұмысы себеп болған. Консорциум қайраңда (құрлықтың теңізге түйісетін тұсында) екі ірі канал қазуды жоспарлап отыр, себебі теңіздің таяз болуына байланысты ауыр кемелер мұнай нысандарына бара алмайды.

Ал белсенділер бұл экожүйеге кері әсер ететініне сенімді. Балық азайып, климат өзгеріп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиян келеді. 

Мамандар түпті тереңдету жұмысы Каспийдің солтүстік-шығысының экожүйесін толығымен жойып жіберетініне сенімді. Эколог Галина Чернованың сөзінше, бекіре тұқымдас балықтардың 90%-і су қоймасының осы бөлігінде.

“Олар зиян келетінімен келісіп отыр. Бекіре тұқымдас балықтардың аналығы жойылып, біз кем дегенде 54 тонна қара уылдырықты жоғалтамыз. Жоба – барып тұрған абсурд. Олар біздің өмір сүру кеңістігімізді бұзады және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсер етеді. Біз бұл жобаны зиян және қауіпті деп тануды талап етеміз!”, – дейді Қазақстанның ҮЕҰ экофорумы үйлестіру кеңесінің мүшесі.

Қазақстандықтар түпті тереңдету жұмысын тоқтату туралы петиция шығарды. Петицияға қол қойған 15 мыңға жуық адам су қоймасының солтүстік-шығыс бөлігіне ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде тануды және түбін құрғатуға және тереңдетуге мораторий енгізуді сұрайды.

“Бір арнаның ені 80 метрден 115 метрге дейін жетеді. 18,5 миллион текше метр топырақ алынады. Жер көтерілетін аймақ – 29 миллион шаршы метр. Тереңдетілген жағдайда балықтар жойылады”, – делінген петиция мәтінінде.

Алайда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұзақ үнсіздіктен кейін бұл жоба қоғамдық тыңдауларда талқыланғанын мәлімдеді. Оң қорытынды, ескертулермен бірге, ведомстводан тыс кешенді сараптама жасалған. Жалпы консорциум барлық келтірілген залалды өтеуге дайын.

“Арна құрылысы барысында балыққа келетін зиян туралы айтсақ, жоспарланған жұмысты жүргізу кезінде жобамен (NCOC) теңіз экожүйесін сақтау және қоршаған ортаға әсерін төмендету үшін табиғатты қорғау шараларының кешені қарастырылғаны құжатталған”, – деп мәлімдеді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов.

Бірақ табиғат қорғаушылары Каспий теңізі мәселесіне сырттан сарапшылар тарту қажет екенін айтады.

“Меніңше, бұл жобаның тиімділігі негізделетін ғылыми консилиум құру қажет. Ол экологияға қаншалықты өзгерістер енгізе алады?”, – деді Kаz ECO PATROL қоғамдық қозғалысының жетекшісі Тимур Елеусізов.

Ал қазақстандық шенеуніктер теңіздің таяздануы табиғи құбылыс екенін айтады. 20 ғасырда оның деңгейі өзгеріпті-мыс.

Алайда жергілікті тұрғындар мұндай мәлімдемеге сенбейді.

“Бізге бұрын ештеңе болмайды деп айтатын. Содан кейін итбалықтар өлді, бекіре жоғалып кетті, теңіз тартылды. Жас кезімде Дамба ауылында балық аулайтынмын. 2006 жылдан бастап су жағадан 20 шақырымға тартылып кеткен. Егер арна қазылса, балық уылдырық шашуға Оралға түспей ме деп қорқамын. Сондықтан біз оған қарсымыз. Біздің ауданда қызыл балық 20 жылдан кейін мүлдем жоғалып кетті. Егер бұл арна салынса, тірі ештеңе қалмайды”, – дейді тұрғындар.

Неміс ғалымдарының пікірінше, 2100 жылға қарай Каспий теңізіндегі су деңгейі 18 метрге төмендейді. Ал оның аумағы үштен бірге қысқарады. Егер бұл болжамдар орындалса, Каспий Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін.

YouTube-те Ақтаудың жағалауы кейінгі жылдары қалай өзгергені көрсетілген видео жарияланды.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз

Ақтаудағы жағалау сызығының 2004 және 2008 жылдар аралығындағы салыстырмалы суреттер топтамасы Caspy Media YouTube-арнасында жарияланды. Кадрлардан Каспий теңізінің қалай таязданғанын көруге болады. Су әдеттегі жағалау сызығынан, “Бриз” яхта клубынан, 4-шағынаудандағы еңістен, “Шағала” санаторийінен, 4-шағынаудандағы жартастан, 9-шағынаудандағы жағалаудан және 14-шағынаудандағы жағалаудан едәуір алыстап кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Google Earth қызметі 1984 жылдан 2020 жылға дейін адам әсерінен жер қалай өзгергенін көруге мүмкіндік беретін жаңа функцияны ұсынған еді. Осы функцияның көмегімен Қазақстан қалаларының да қалай өзгергенін байқауға болады.

Comments are closed.