Алматыда Наурыздың қарсаңында сенбілік өтеді

0
1723

“Сосновый бор Алматы” экопаркі мен “Eco patrol” қоғамдық бірлестігі алматылықтарды 21 наурыз күні сенбілікке және ағаш егуге шақырады. Ұйымдастырушылар Наурыз мерекесі қарсаңында айналаны қоқыстан тазартып, жыл басына дайындалу керек деп есептейді.

Сенбілік уақыты: 21 наурыз, сағат 11.00.

Тазалайтын орын: “Сосновый бор Алматы” экопаркі

Келушілердің жиналатын мекенжайы: Алматы, Момышұлы мен Вдоль БАКа көшесінің қиылысы (Саялы-2 шағынауданның қасында).

Сенбілікке қалай киіну керек?

  • Жылы әрі ыңғайлы киім киіңіз.
  • Аяқкиіміңіз су өтпейтіндей болсын. Мүмкіндігінше резеңке етік те киюге болады.
  • Мата қолғап болса, ала шығыңыз.
  • Үлкен полиэтилен пакет болса, мархабат. Қоқысты жинауға керек болады.
  • Антибактериал гель немесе спрей. Себебі экобелсенділер ылғал майлықтарды қолданбайды. Олар қайта өңделмейді.

Сенбілікке қатысу үшін міндетті түрде тіркелу керек. Мына сілтемені басып, тіркеле аласыз. 

Адам саны 15-ке жеткенде тіркелу жабылады. Сондықтан 21 наурызда бос болсаңыз ғана тіркелуіңізді сұраймыз.

Пандемия кезінде сақтық шараларын ұстануыңызды өтінеміз. Сенбілік кезінде маска тағып, арақашықтық сақтаймыз. Маска бірреттік болмағаны дұрыс.

Comments are closed.