Экология министрі қоршаған ортаны қорғауға бейжай қарамайтын азаматтарға алғыс білдірді

Фото: 7sunews.kz
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі экология жағдайына алаңдайтын қазақстандықтарға алғыс айтты.
“Бүгін, Алғыс айту күні аясында еліміздің экология жағдайына, табиғаттың жай-күйіне, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бейжай қарамайтын барлық қазақстандықтарға алғыс білдіргім келеді.
Біз азаматтардың зор қолдауын сезініп жатқанымызды сеніммен айта аламын. Мыңдаған қазақстандық бірлескен іс-шараларымызға – сенбіліктерге, қоқыстан тазарту, ағаш егу акцияларына қатысып жүр.
Осы тәжірибені жалғастыра береміз. Бастамаларымыз белсенді отандастарымыз тарапынан қолдау таба беретініне сенемін. Бәріңізге зор денсаулық, істеріңізге сәттілік тілеймін!”, – деп жазды министр Twitter парақшасында