ағаш

Алматыда “Жасыл қала” науқаны басталды

0
1088

Алматының Жасыл экономика басқармасы тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған “Жасыл қала” науқаны басталғанын хабарлайды. Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшетін тегін ала алады.

Науқан қатысушылары егілген ағаштарды екі жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятынын ескерген жөн. Қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru элентрон поштасына мынадай мәліметтерді жіберу қажет:

  1.  Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш егілетін орынның нақты мекенжайы;
  2.  Ағаш егілетін орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);
  3.  Сұралып отырған көшет түрі мен саны.

Өтініштер 18-31 қазан аралығында қабылданады.

Ал көшеттер мына мекенжайларда таратылады:

Алмалы ауданы әкімінің аппараты; Абылай хан даңғылы, 74а

Ағаш егу жұмысын 1-15 қараша аралығында жүргізіп, фото есеп жолдау қажет. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтінштер қарастырылмайды.

Қосымша ақпарат алу үшін Жасыл қорды бақылау бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 272-54-89, 87479958147.

Comments are closed.