Министрлік: Каспий теңізінің саяздануы – үлкен мәселе

0
1036

Әлеуметтік желіде Каспий теңізінің саязданып бара жатқаны түсірілген видео тарады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қазірдің өзінде теңіз деңгейі 1,4 метрге төмендегенін және төмендей беретінін айтты. Департамент сонымен қатар бейнеролик Каспий маңы ойпатында түсірілгенін хабарлады.

“Бұл аймақ өзі еңіс келеді, таязданып барады. 2005 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендеп жатыр. Саяздану жалғаса береді. Теңіз деңгейі қазірдің өзінде 1,4 метрден астам төмендеді. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі көбірек зардап шекті. Теңіз шегініп, шағын шығанақтар мен батпақты жерлер қалды. Бұл бейнематериалда Каспий теңізінің бұрынғы түбі көрсетіледі. Теңіз таязданып барады. Бұл – үлкен мәселе”, – деді министрлік.

Бұған дейін “Қазгидромет” Каспий теңізі деңгейінің болжамын шығарды.  Ол болжамда теңіз әлі де таяздана беретіні айтылған.

Comments are closed.