сұңқылдақ аққу

Аққуды атқан тұрғын үш жылға сотталды

0
1203

СҚО аудандық соты сұңқылдақ аққуды атқан адамға қатысты үкім шығарды. Сұңқылдақ аққу – “Қызыл кітапқа” енген құс. Аудандық сот ауыл тұрғынын 3 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Express Qazaqstan.

“Ш есімді ер адам 18 қыркүйекте аң аулауға шығып, жолай сирек кездесетін аққуды атып алған. Қылмыскердің кінәсі куәгерлердің сөзі және заттай айғақтар арқылы толық дәлелденген. Прокурор сотталушыны 3 жыл бас бостандығын шектеу және 7 жылға дейін аңшылық құқығынан айыруды сұрады”, – деп мәлімдейді СҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушының өз қылмысын мойындауы және бұған дейін сотталмағаны ескерілген. Сот оны 3 жылға дейін бас бостандығынан айырып, 7 жылға дейін аңшылық құқығын шектеген. Қылмыскер өзі келтірген шығынды өтеді. Оның мылтығы да тәркіленген.

Біле жүріңіз: Сұңқылдақ аққу (латынша cygnus) республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс-қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Бұрын Қазақстанда аққудың бұл түрі көп кездесетін. Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы – 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады.

Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты.

Тағы оқыңыз: Жануарға қатыгез болғандар енді қалай жазаланады?

Comments are closed.