Экология тақырыбындағы подкастар

0
1473
Подкаст

Қоршаған ортаның тазалығы – дүниежүзінде ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе дамыған елдер тұрмыс қалдығын сұрыптауға, оны өңдеуге ерекше назар аударады. Бұл ретте халықты жаппай ақпараттандыру ісі де көмектеседі. Мысалы, экология мәселесін жазатын сайттар, деректі фильмдер және подкастар. Бүгін подкастар туралы әңгімелейміз.

Подкастинг дамыған сайын онда нешетүрлі сала мамандары түрлі тақырыпта ой алмасып жүр. Подкаст жасаушылар экология мәселесін де назардан тыс қалдырмапты. Қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялап, жануарларды қорғауға шақыратын подкастар бар екен. Оқырманға экология бағытындағы қазақстандық подкастарды ұсынамыз.

Qarlyqash – экология туралы қазақша подкаст. 11 бөлімінде тұрмыста қоқысты қалай сұрыптауға болатыны туралы айтылады. Подкаст қонақтары – экологтар мен экобелсенділер.

Ecohalyq – Қазақстанның экология жағдайы туралы подкаст. Оны тыңдау арқылы еліміздің климаттық мәселелерін біліп, қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосып жүрген адамдармен танысуға болады. Подкаст экосауатты жақсартуға көмектеседі. Ecohalyq қазақ тілінде де, орысша да шығады.

“Наследи Чистотой” – Дәрия Ғылымжанқызының экоподкасты. Бұл подкаста табиғатпен гармонияда өмір сүру сән емес, қайта тезірек қолға алу керек әрекет екені айтылады.

Сонымен қатар ресейлік экобелсенділер кейінгі кезде подкаст шығарудан белсенді болып жүр. Ресейлік подкастарды тізіп шықтық:

“Pokolenie Zero” 

“Вся правда об экологии”

“СO2-free”

“С ЭГО на ЭКО”

“Год без покупок”

“Крути педали”

“Короткий подкаст редакции: бумага”

 

Comments are closed.