Израиль әлемде алғаш болып табиғи тері өндірісіне тыйым салды

0
1240
тері

Израильдің қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гамлиэль елде киім өндірісі үшін жануарлардың жүнін сатуға тыйым салатын құжатқа қол қойды деп жазды The Jerusalem Post.

“Тері өнеркәсібі әлемдегі жүздеген миллион жануардың өліміне себеп болып отыр. Мұндай істен жануарлар адам айтқысыз қатыгездік пен азап шегеді”, – деді ол.

Бұл ереже желтоқсан айында күшіне енеді.

Министр киім өндірісінде теріні және былғары қолдануды адамгершілікке жат және шамадан тыс деп бағалап, бұл шара елдің сән индустриясын экологиялық тұрғыдан таза ететінін айтты. Гамлиэль өзінің Твиттерінде Израиль әлемде бірінші болып осы мақсатта жүн сатуға тыйым салған мемлекет деп жазды.

Израильде жануарлардың жүнін әкелуге және әкетуге рұқсатты елдің Табиғат және саябақтар басқармасы береді. 1976 жылы жабайы табиғатты қорғау туралы заңға сәйкес Гила Гамлиэль қол қойған түзету бұл құқықты шектейді, бірақ көбіне “символдық” болып есептеледі деп жазады Times of Israel. Атап айтқанда, егер табиғи жүнді діни, ғылыми және білім беру мақсатында пайдаланса, рұқсат беріледі.

Негізінен Израильде ультра-православиелік еврейлер жүн сатып алады. Олар демалыс және мереке күндері штремл – бұлғын мен түлкі жүнінен жасалған баскиім киеді.

Comments are closed.