Экология министрі Көбейтұзға бармауды сұрады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға Ақмола облысында орналасқан Көбейтұз көліне түспеуді сұрады. Ол одан қауіпті заттар табылғанын айты.
“Былтыр әкімдік көл суы мен тұзына талдау жасап, көңіл көншітпейтін қорытынды алды. Судағы тұз құрамында ауыр металл өте көп болып шықты. Көпшіліктен Көбейтұзға баруды қысқартуды сұраймын”, – деді министр.
Алайда министр Көбейтұз адам денсаулығы үшін қауіпті емес екенін хабарлады.
“Ерекше қорғалатын аумаққа келетін болсақ, бұл жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатады. Көл облыс аумағында орналасқан. Біз оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналдыруды ұсындық. Бірақ осындай зертханалық нәтижесіне байланысты қазір әкімдік бұл мәселені зерттеуді ары қарай жалғастыруға құлықты. Алдағы бір-екі күнде облыс әкімімен сөйлесіп, осы мәселе бойынша жаңа ақпарат жариялауға уәде беремін”, – деді Мағзұм Мырзағалиев.