Экология проблемасы фотографтың объективінде

0
1479

The Environmental Photographer of the Year фотобайқауы жылда өтеді. Түрлі фото арқылы планетаның экологиялық мәселелері туралы хабар беру, адамдарды қоршаған орта туралы ойлануға итермелеу – “2021 жылдың экологиялық фотографы” қатысушыларына жүктелген миссия. Байқауға қатысушы авторлар өз суреттерін жариялау арқылы адамдарды қоршаған ортаға көңіл бөлуге шақырады.

Байқаудың қазылар алқасы 14 жыл қатарынан әлемнің түкпір-түкпірінен фотографтардың экология тақырыбындағы ең көрнекті бейнелерін таңдап келеді. Биыл байқауға 120-дан астам ел фотографтарынан 7 мыңға жуық өтініш келіп түскен.

2021 жылы фотобайқаудың басты жеңімпазы испан фотографы Антонио Арагон Ренунцио болды. Ол түсірген Гана елінің Афиаденигба жағажайындағы қираған үйде ұйықтап жатқан баланың фотосы қазылар алқасына ерекше ұнаған. Фотода мыңдаған адамдарды үйлерін тастап кетуге мәжбүрлеген Батыс Африка жағалауындағы теңіз деңгейінің көтерілу мәселесіне ерекше назар аударылған.

Мексикада қармаққа ілінген итбалықтың фотосы байқауда екінші орын алды. Фото авторы Селия Куяла.

Үшінші орынды жас авторлар арасында үздік атанған үнді фотографы Аман Алидің “Тамұқ” фотосы иеленді. Фотограф Нью-Делидегі үйінің жанындағы орман өртін сөндіріп жатқан баланы сәтті түсіріп алған.

Гавриил Григоровтың бұл кадрында “Умка-2021” Арктикалық экспедициясына қатысушылар көрсетілген. Олар Франц Йозеф жер архипелагындағы аралдағы ақ аюды санау үшін ақ аюды өлшеп көріп жатыр.

Бұл фото “Тірі қалғандар” деп аталады. Мұнда құрғақшылықтан жарылған топырақта шөп іздеп айналып жүрген қой отары көрсетілген. Фото авторы бангладештік Ашрафул Ислам “Төзімі үшін” номинациясында жеңімпаз атанды.

Кевин Оньянгоның Кенияда түсірген “Ақырғы дем” фотосы байқаудың көрермені мен қазылар алқасына ерекше әсер қалдырды. Фотода өсімдіктен оттегі жұтып тұрған баланың артында құмды дауыл соғып жатқаны көрсетілген.

“Тасқын” фотосы “Болашақта мекендейтін орта” номинациясында үздік атанды. Кадрда Италиядағы Панаро өзенінің үлкен тасқыны көрсетілген.

Бұл – “Ана жұмыста” фотосы. Кішкентай баласы бар әйел арнайы сөреде балықты кептіріп жатыр. Авторы Бангладештен келген Рибен Дхар.

Фото “Шөлдегі шіркеу” деп аталады. Авторы Джей Хуанг.

Байқаудың финалисі, фотограф Субрата Дейдің “Пластикпен қоршалған орта” фотосы. Мұнда пластик бөтелкелерді қайта өңдейтін зауытта отырған бала көрсетілген.

Қырымдағы лай жанартауын түсірген Елена Пахалюктің “Сурья” фотосы. Автор жаһандық жылыну мұндай жанартаулардың бірте-бірте жойылып кетуіне себеп болатынын көрсетіп отыр.

Симон Трамонтенің фотосы. Мұнда фотобиореактор көрсетілген. Бұл құрылғы хлорелла, спирулина және басқа да фотосинтетикалық микробалдырларды өсіруге арналған.

Үнді фотографы Сандипани Чаттопадхьяйдың “Жасыл тосқауыл” фотосы. Кадрда Дамодар өзеніндегі балдырлардың гүлдеуі көрсетілген Автордың айтуынша, тұрақсыз жел мен ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан жағдай қауіпті. Өзендегі тірі организмдерге оттегі жетпей, өліп кетеді екен.

Бангладештік фотограф Зиаул Хукенің “Қатерлі саяхат” атты жұмысы. Бала қаланы аралап пластик жинайды. Сосын оны сату үшін зауытқа апарады.

“Мұхиттың ластануы”. Авторы Нгуен Дуй Синх. Фотода жағажайға жақын орналасқан аквамәдениет көрсетілген.

Comments are closed.