15 қараша – қалдықтарды қайта өңдеу күні

0
1199

Дүниежүзілік қайта өңдеу күні кейбір елдерде жыл сайын 15 қарашада атап өтіледі. Бұл мерекенің басты мақсаты – биліктің, өндірістік құрылымдардың назарын осы тақырыпқа аудару.

Қайта өңдеудің негізгі міндеті – шектеулі ресурстар мәселесін шешу, арзанырақ шикізатты пайдалану арқылы дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету және қоршаған ортаның ластануымен күресу.

Бұл мерекені американдықтарды қалдықтарды қайта өңдеуге және қайталама шикізаттан жасалған өнімдерді сатып алуға ынталандыру үшін экологтар алғаш рет 1997 жылы тойлаған. Осы жылдарда бұл мереке басқа елдерде де, Қазақстанда да өткізіліп келеді. 

Қалдықтар проблемасы әсіресе екі негізгі себепке байланысты өзекті болып тұр. Оның салдары адамзат үшін өте ауыр болуы мүмкін.

Бір жағынан, жер бетінде бар табиғи ресурстардың қоры шексіз емес. Оларды ұтымсыз пайдалану бүгінде адамзат осы ресурстардың үштен бір бөлігін жұмсап қоюына себеп болып отыр. Сондықтан оларды үнемді жұмсау, сонымен бірге оларға балама іздеу және бұрыннан пайдаланылған шикізатты қайта өңдеу маңызды.

Екінші жағынан, жаһандық жылыну себептерінің бірі “парниктік эффект” деп аталады. Оның ішінде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың үйіліп, көп шығуына байланысты. Адамдар мыңдаған полиэтилен пакеттерді, әртүрлі орауыштарды, дөңгелектерді, тұрмыстық техниканы және ыдырауына ғасырлар қажет болатын басқа да қалдықтарды тастайды.

15 қараша – қалдықтарды жинап, оны қайта өңдеп жүрген адамдар үшін, экология мамандары үшін үлкен мереке. Осы орайда Ecoinfo.kz сайты бұрын жарияланған қайта өңдеу тақырыбына қатысты мақалаларды оқуға ұсынады:

Бану-Ақкүміс Құспанова: Қалдықсыз өмір сүру өзіне еліктіріп алатын саяхат сияқты

Ірі компаниялар кеңседен шыққан қалдықты қалай сұрыптай алады?

Дания экология мәселесіне қалай көңіл бөледі?

Recycle birge: Айналамызды жақсы жақа өзгертуге деген құлшыныс бізді біріктірді

“Ғаламдық жылынудың” қандай қаупі бар?

Қоқысты өртеу жақсы ма, жаман ба?

Экобелсенділік: қоқысты қалай сұрыптаймыз?

Қарапайым тұрғын ауаның ластанбауына қалай көмектесе алады?

Әр адам қоршаған ортаның таза болуына қалай үлес қоса алады?

Пандемия шаралары: Масканы қоқысқа қалай тастаймыз?

Балаларға табиғатты қорғауды қалай үйретеміз?

Кино саласы экологияға қалай әсер етеді?

Алматының тұмшасын қалай кетіруге болады?

Табиғатқа шығарда нені білу керек?

Қазақстандағы экологиялық жобалар туралы мына мақаладан біле аласыз: Қазақстандағы экожобалар

Comments are closed.