Ғаламдық жылыну

“Ғаламдық жылынудың” қандай қаупі бар?

0
11253

1,5 градусқа дейін жылыну неліктен қауіпті?

Ғалымдар мен экологтар 1,5 градус жылыну туралы cөз қозғаған кезде, олар Жердің орташа температурасының жоғарылауы туралы айтады. Кей жерлер бұл сызықтан өтіп үлгерді.

Көп адам “Ғаламдық жылыну” дегенде жаздың ең ыстық күндерін, температураның бір немесе екі градусқа жоғарылауы ыңғайсыз болатыны туралы ойлайды. Негізі Жаһандық жылынудың 1,5 градусқа жетуі кейбір жерлерде орташа температура осы саннан айтарлықтай көтерілмейді дегенді білдірмейді.

Климат дағдарысы келді. Бүгінде ауа температурасының күрт жылуы құрғақшылықты тудырып, дақылдарды құртып жатыр. 240 миллионға жуық адамды сумен қамтамасыз ететін Гималай мұздықтары қазірдің өзінде еріп жатыр. Харви, Ирма және Мари сияқты дауылдар климаттың өзгеруіне байланысты қазірдің өзінде күшейіп, жойқын болып жатыр. Тізімдi әрі қарай жалғастыра беруге болады.

2019 жылы басталған Австралиядағы ормандардың өртенуі, жануарлардың қалаға қашқаны – ғаламдық жылынудың бір көрінісі ғана.

Осының барлығы  экожүйеге әсер етеді. Бірақ олардың барлығын жылу біріктіреді. Жылу – бұл табиғи жүйелерді бақылап,  бәрін тепе-теңдікте ұстайтын фактор.

“Ғаламдық жылыну” дегеніміз не?

“Ғаламдық жылыну” дегеніміз – парникті газдан бөлінетін ең әуелі көміртегі диоксиді мен метанның ұзақ мерзімді, кумулятив әсері. Олар атмосферада жиналып, күннің жылуын ұстап тұрған кезде жердің температурасына әсер етеді. Бұл тақырып бұрыннан қызу талқыланып келеді.

Біз қоршаған орта мен атмосферада бір маусымда ғана емес, ұзақ уақыт, онжылдықтар ішінде болатын өзгерістер туралы айтып отырмыз. Климаттың өзгеруі планетаның гидрологиясы мен биологиясына әсер етеді. Жел, жаңбыр және температура – бәрі-бәрі өзара байланысты. Ғалымдар Жердің климаты ұзақ өзгермелі тарихқа ие екенін айтады. Бұл өзгерістер кейде бірнеше ондаған жылдар ішінде орын алып, кейде мыңдаған жылдарға созылды. Қазіргі климаттың өзгеруінен не күтуге болады?

Біздің климаттық жағдайымызды зерттейтін ғалымдар айналамызда болып жатқан өзгерістерді бақылап, өлшейді. Мысалы, тау мұздықтары 150 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз болды, ал соңғы 100 жылда орташа әлемдік температура шамамен 0,8 градусқа көтерілді. Компьютер модельдеуі ғалымдарға егер бәрі бірдей қарқынмен жүрсе не болатынын болжауға мүмкіндік береді. ХХІ ғасырдың аяғында орташа температура 1,1-6,4 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Енді жылынудың ең қауіпті 10 әсерін қарастырайық.

10. Теңіз деңгейінің көтерілуі

Жер температурасының жоғарылауы Арктика Майамидегідей жылы болады дегенді емес, теңіз деңгейінің айтарлықтай көтерілетінін білдіреді. Температураның көтерілуі су деңгейінің көтерілуімен қалай байланысты? Жоғары температура мұздықтар, теңіз мұздары және полярлық мұздар ери бастайды, бұл теңіздер мен мұхиттардағы судың мөлшерін арттырады.

Мысалы, ғалымдар Гренландия мұзды қабатынан еріген судың Құрама Штаттарға қалай әсер ететінін өлшей алды: Колорадо өзеніндегі судың мөлшері бірнеше есеге артты. Ғалымдардың пікірінше, Гренландия мен Антарктидадағы мұз сөрелерінің еруі кезінде 2100 жылға қарай теңіз деңгейі 21 метрге көтерілуі мүмкін. Бұл өз кезегінде Индонезияның көптеген тропикалық аралдарын және ең төменгі аудандарын су басады деген сөз.

9. Мұздықтардың азаюы

Дүниежүзіндегі мұздықтардың азайып бара жатқанын көру үшін арнайы жабдықтың қажеті жоқ. Бір кездері мәңгі мұз басқан тундралар қазіргі кезде өсімдікке толы.

500 миллионға жуық адамды ауыз сумен қамтамасыз ететін Ганг өзенін қоректендіретін Гималай мұздықтарының көлемі жыл сайын 37 метрге азаяды.

2003 жылы бүкіл Еуропаны шарпыған және 35000 адамның өмірін қиған жойқын жылу толқыны ғалымдар 1900 жылдардың басында іздей бастаған өте жоғары температураның даму тенденциясының жаршысы бола алды.

Мұндай жылу толқындары жиірек пайда бола бастады. Ал оның саны соңғы 100 жылда айтарлықтай өсті.

Болжам бойынша, 40 жыл ішінде олар 100 есеге артады. Сарапшылар ұзаққа созылатын жылу болашақта орман өртінің көбеюіне, түрлі аурудың таралуына және планетадағы орташа температураның жалпы көтерілуіне себеп болады деп отыр.

7. Дауыл мен су тасқыны

Сарапшылар жаһандық жылынудың жауын-шашынға әсерін болжау үшін климаттық модельдерді қолданады. Алайда модель жасамай-ақ, қатты дауылдардың жиі пайда бола бастағанын байқауға болады: бар-жоғы 30 жылда дауыл мен су тасқыны екі есе көп болды.

Жылы су дауылдарға күш береді, ал ғалымдар мұхиттардағы және атмосферадағы температураның көтерілуін дауылдардың санымен байланыстырады. Кейінгі бірнеше жылда Еуропа елдері мен АҚШ қатты дауылдар мен су тасқындарының салдарынан миллиардтаған доллар шығынға ұшырады.

1905 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде қатты дауылдар санының тұрақты өсуі байқалды: 1905-1930 жылдары – жылына 3,5 дауыл, 1931-1994 жылдары – жылына 5,1 дауыл, 1995-2005 жылдары – 8,4 дауыл болды. 2005 жылы рекордты дауылдар болды. Ал 2007 жылы Ұлыбритания 60 жылдағы ең қатты су тасқынына тап болды.

Кей елдер дауыл мен теңіз деңгейінің көтерілуінен зардап шегіп жатқанда басқа аймақтар құрғақшылықпен күресіп жатыр. Ғаламдық жылынудың нашарлауына байланысты сарапшылар құрғақшылықтан зардап шеккен аудандардың саны кем дегенде 66%-ке артуы мүмкін екенін болжайды. Құрғақшылық су қорларының тез азаюына және ауылшаруашылық өнімдері сапасының төмендеуіне әкеледі. Бұл жаһандық азық-түлік өндірісіне қауіп төндіреді, ал кейбір халық аштыққа ұшырауы мүмкін.

Су тасқыны мен құрғақшылықтың көбеюімен бірге температураның көтерілуі бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Өйткені олар маса, кене мен тышқандардың және әртүрлі аурудың қоздырғышы саналатын басқа тіршілік иелерінің көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақытта жаңа аурудың таралуы көбейіп келе жатқанын хабарлайды. Бұған дейін мұндай аурулар туралы бұрын-соңды естімеген едік.

Жыл сайын климаттың өзгеруіне байланысты аурулардан 150000-нан астам адам қайтыс болады. Жүрек ауруынан безгекке дейінгі ауру да көп. Аллергия мен астма тағы бар. Ғаламдық жылыну тұмаудың көбеюіне ықпал етеді, бұл астма ауруына шалдыққандардың қатарын толықтырады. бастайды.

4. Экономикалық салдары

Климаттың өзгеруіне байланысты шығын температураның өсуіне байланысты өзгеріп отырады. Ауыр дауылдар мен су тасқыны, ауылшаруашылық шығындарымен бірге миллиардтаған доллар қаржы жоғалтуға алып келеді. Ауа-райының қолайсыздығы төтенше қаржылық қиындықтарға себеп болады.

Экономикалық шығын, дағдарыс өміріміздің барлық саласында болады. Медициналық қызметтер мен жылжымайтын мүліктің қымбаттауымен бірге тұтынушылар үнемі азық-түлік пен энергияның қымбаттауына тап болады. Біраз ел туристер саны мен өнеркәсіптік кірістің азаюынан, энергияға, тамақ пен суға сұраныстың күрт артуынан, шекаралық шиеленістерден және тағы басқа жағдайдан зардап шегеді.

Мәселені елемеу оның кетуіне мүмкіндік бермейді. Жаһандық даму институты мен Туфс университетіндегі экологиялық институты зерттеу жүргізіп, әлемдік дағдарыстарға қарсы әрекетсіздік 2100 жылға қарай 20 триллион доллар шығын әкеледі деп болжайды.

3. Жанжалдар мен соғыстар

Азық-түліктің, судың және жердің саны мен сапасының төмендеуі қауіпсіздікке, қақтығыстар мен соғысқа жаһандық қауіп-қатердің өсуіне себепші болуы мүмкін. Судандағы қазіргі қақтығысты талдай отырып, американдық ұлттық қауіпсіздік сарапшылары оның тамыры әлі де климаттың өзгеруімен, атап айтқанда, қол жетімді табиғи ресурстардың азаюымен байланысты деп санайды. Бұл аймақтағы қақтығыстар жиырма жылдық жауын-шашынның толық болмауынан және Үнді мұхитындағы температураның көтерілуінен кейін туындады.

Ғалымдар мен әскери сарапшылар бірдей климаттың өзгеруі және оның салдары, су мен азық-түлік тапшылығы әлемге тікелей қауіп төндіретінін, экологиялық дағдарыс пен зорлық-зомбылық тығыз байланысты екенін айтады. Судың жетіспеушілігінен зардап шегетін және егінді жиі жоғалтатын елдер осындай “проблемаға” өте осал болып келеді.

2. Биоалуантүрліліктің жоғалуы

Ғаламдық температурамен бірге түрлердің жойылу қаупі артып келеді. 2050 жылға қарай адамзат орташа температура 1,1-6,4 градусқа көтерілген жағдайда жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің 30%-ін жоғалту қаупі бар. Мұндай құрып кету шөлейттену, орманды кесу және мұхит суының жылынуы салдарынан тіршілік ету ортасының жоғалуына, сонымен қатар климаттың өзгеруіне бейімделе алмауына байланысты болады.

Жабайы табиғатты зерттеушілер тіршілік ету ортасын сақтау үшін бірнеше тұрақты түрлер полюстерге, солтүстікке немесе оңтүстікке қоныс аударғанын атап өтті. Айта кету керек, адамдар бұл қауіптен қорғалмаған. Шөлдену және теңіз деңгейінің көтерілуі адам қоршаған ортасына қауіп төндіреді. Климаттың өзгеруі нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар “жоғалған” кезде, адамның тамағы, отыны мен кірісі де “жоғалады”.

1. Экожүйенің бұзылуы

Климат жағдайы өзгеруі және атмосферадағы көмірқышқыл газының күрт артуы – экожүйеміз үшін маңызды сынақ. Бұл тұщы су қорлары, таза ауа, отын-энергетикалық ресурстар, тамақ, дәрі-дәрмек және басқа да маңызды аспектілерге, біздің өмір салтымызға ғана емес, өмір сүретінімізге де байланысты.

Зерттеулер климат өзгеруінің физикалық және биологиялық жүйелерге әсерін көрсетеді. Бұл әлемнің ешбір бөлігі мұндай әсерге дайын емес екенін білдіреді. Ғалымдар қазірдің өзінде мұхиттағы судың жылынуына байланысты маржан рифтерінің ағуы мен өлімін, сонымен қатар ауа мен су температурасының көтерілуіне, мұздықтардың еруіне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың ең осал түрлері балама географиялық аймақтарға қоныс аударуын бақылап отыр.

Аштық, соғыс және өлім туралы алдын-ала болжаулар адамзат болашағының толығымен бақытсыз бейнесін көрсетеді. Ғалымдар мұндай болжауды ақырзаманды болжау үшін емес, адам мен табиғаттың бір-біріне әсерін азайтуға немесе көмектесу үшін жасайды. Егер әрқайсысымыз мәселенің маңызын түсініп, энергияны үнемдеп, жалпы экологиялық өмір салтына көшсек, онда климаттың өзгеру процесіне әсер етеміз.

Мақала The magazine сайтынан алынды.

Тағы оқыңыз: Әр адам қоршаған ортаның таза болуына қалай үлес қоса алады?

Comments are closed.