Алматы облысында браконьерлермен күрес күшейді

0
777
Браконьер, аңшылық

Алматы облысының табиғат қорғау полициясы 3 күнде 50-ден астам құқық бұзушылықты әшкереледі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының аумағында өтіп жатқан “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғат қорғау полицейлері 52 құқық бұзушылықты анықтады. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу және оның алдын алу.

“3 күнде заңсыз аңшылық жасаудың 28 дерегі, заңсыз балық аулаудың 11 дерегі, сонымен бірге ағаштарды заңсыз кесудің 12 дерегі тіркелді. Аталған деректер бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сай хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Қарасай ауданында ағаштарды заңсыз отаған бір тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”,- деді облыстық ПД ЖПҚБ табиғат қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Полицейлер табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және табиғатқа жанашырлық танытуға шақырады.

Саятшылық құруға ниет еткен тұрғындар қолданыстағы заңға сай тиісті құжаттар мен рұқсаттарды алу және қаруды сақтау, тасымалдау тәртібін ескеруі қажет. 16 қаңтар күні басталған табиғат қорғау шарасы айдың соңына дейін жалғасады.

Comments are closed.