22 мамыр – Халықаралық плогиң күні

0
1340

Плогиң – 2016 жылы Швецияда пайда болған экологиялық жоба. Мағынасы “көтеру” және “жүгіру” дегенді білдіреді, яғни спорттық мақсаттағы жүгіріс және қоқыс жинау. Негізін салушы – Дэвид Седарис есімді азамат. Ол күніне 60 мың қадам жүгіріп, өзі тұратын аудандағы қоқысты тазалап жүреді. Нәтижесінде жұрт жерге қоқыс тастауға ұялып, Дэвидке қосылып жүгіре бастайды. Ұзамай бұл үрдіс Швеция қалаларының бәріне, сосын басқа да елдерге жұғысты бола бастады.

22 мамыр – Халықаралық плогиң күніне орай Алматыда жүгіру шарасы өтеді. Мұндай бастаманы Eco-Club тобының өкілдері мен Recycle.birge экологиялық қозғалыс мүшелері ұйымдастырып отыр. Арнайы сыйлықтар да бар.

Эко плогиңте адамдар бірлесіп жүгіреді әрі жол бойындағы қоқысты жинайды. Жиналған қалдықтар қайта өңдеуге өткізіледі.

Плогиң өтетін орын: Алматы, Сайран көлінің маңы. Қатысушылар спорт алаңынан бастап, Абай даңғылына қарай жүгіреді. Сосын сол маршрут бойынша қайтады.

Өтетін күні: 22 мамыр, 2021 жыл. Басталуы 9.00.

Қатысушыларға жадынама:
Қолғап, баскиім алып шығуыңыз керек. Қалдықты салатын қапшық та қажет. Сонымен бірге өзіңізбен су ала шығыңыз.

Эко плогиңге жеке де, топ болып та жазылуға болады. Қатысушылар саны шектеулі.

Қатысу үшін мына сілтемеге өтіп, өтініш білдіре аласыз.

Comments are closed.