9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

0
1120
су шаруашылығы

Бүгінде республика бойынша өз өмірін осындай маңызды салаға – су жеткізу қызметіне арнаған мыңдаған маман еңбек етіп жатыр. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың жұмысы неліктен маңызды екенін айтып берді.

“Сіздер су ресурсын ұтымды пайдалану мен қорғаудың қазіргі заманғы технологиясын қолдана отырып, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда жоғары кәсіби деңгейде қамтамасыз етіп келесіздер. 2020 жылы 813 км канал қайта жаңартылды. Бұл 53,5 мың га суармалы жерді айналымға енгізуге, 26 мың жұмыс орнын құруға және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 30 млрд. теңгеден астам сомаға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Биыл 78 мың га суармалы жерді айналымға енгізу үшін 1050 км ирригациялық желіні қалпына келтіру жоспарланған. Бұл жыл сайын 66 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді”, – деді министр.

Мысалы, Президент суармалы жер көлемін 2030 жылға дейін ағымдағы 1,6 млн. гектардан 3 млн. гектарға дейін ұлғайту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар апатты су қоймаларын қалпына келтіру, каналдарды цифрландыру, топтық су құбырларын салу қарастырылған.

Министр суды сапалы және тиімді пайдалану мақсатында 2020 жылы Түркістан облысында ұзындығы 12 км магистральдық арнаны цифрландыру бойынша пилот жоба іске асырылғанын еске салды. Бұл суармалы судың артық шығынын анықтауға мүмкіндік берді. Таяудағы 5 жыл ішінде ұзындығы 2,8 мың км-ден асатын 119 арнаны цифрландыру жоспарланып отыр.

Comments are closed.