Әлемде алғаш рет бір ел климатқа байланысты көшуге дайындала бастады

0
980

Тынық мұхитындағы Тувалу мемлекетінің тұрғындары аралын су басқан жағдайда көшуге мәжбүр. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Саймон Кофе мәлімдеді.

Ел билігі климаттың өзгеруіне байланысты ең нашар сценарийді қарастырып жатыр. Аралдардың аумағын мұхит басып, өмір сүруге жарамсыз болып қалса, Тувалу климаттық апаттың салдарынан көшіп кеткен әлемдегі алғашқы мемлекет болады. Қазірдің өзінде Жаңа Зеландияға елдің 5 мыңға жуық тұрғыны қоныс аударған. Бұл дегеніміз жалпы халықтың 50%-і.

Сонымен қатар министр биліктің бұл мәселені халықаралық құқық тұрғысынан реттеуге ниетті екенін айтты.

“Біз территориямызды жоғалтсақ та, Тувалуды мойындайтын елдерді табуға тырысамыз. Басқа жерде болсақ та, бірге әрекет етуді жалғастыру үшін цифрлық ұлт құра алатын технологияларды ойластырып жатырмыз”, – деді Саймон Кофе.

Шаралардың бірі ретінде ел тұрғындардың қызметті онлайн режимінде алуы үшін барлық үдерісті цифрландыруды жоспарлап отыр.

10 қарашада Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жаңа есебі жарияланған еді. Онда Тынық мұхитындағы кейбір арал мемлекеттерінің жаһандық климат өзгеруі нәтижесінде жойылып кетуі мүмкін екен екені айтылған.

Бұған дейін 9 қарашада Тувалу Сыртқы істер министрі мұхит тізесіне дейін келіп тұрғанын түсіріп, Глазгодағы климат саммитіне (COP26) бейне үндеу жазды. Ол климаттың өзгеруі мен теңіз деңгейінің көтерілуі жойқын екенін, бұл проблемалар Тувалу мен Тынық мұхит аймағындағы басқа да арал мемлекеттеріне қауіп төндіретінін айтты.

5 қарашада Кирибатидегі жаһандық экологиялық үкіметтік емес ұйым Climate Action Network үйлестірушісі Пелениза Алофа арал мемлекеттеріне климаттың өзгеруі көбірек қауіп төндіретінін айтты. Өйткені қазіргі кезде Кирибати, Тувалу және Маршалл аралдарын қиратуға бір цунамидің өзі  жеткілікті болып тұр.

Comments are closed.