Эверестен шыққан қоқыс арт-нысандарға айналады

0
830
Эверест, қоқыс

Непалда Эверестен шыққан қоқыс өнер туындыларына айналады. Осылайша ел билігі дүние жүзіндегі ең биік таудың рекордтық ластануы туралы ескертуге тырысып жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Альпинистер мен трекерлер тастаған қолданылған оттегі баллондары, жыртылған шатырлар, арқандар, сынған баспалдақтар, канистрлер және пластикалық орамдар 8848,86 метрлік шың мен оның айналасындағы жерлерді ластап жатыр. Жоба жетекшісі және Непалдағы келушілерге арналған ақпарат орталығының және қоқысты қайта өңдеу нысанының құрылтайшысы Томми Густафссон шетелдік және жергілікті суретшілер қалдықтардан сәндік өнер жасаумен айналысатынын, сонымен қатар олар тұрғындарды осыған үйрететінін айтты. Орталықтың өзі Сьянгбочта 3,7 мың метр биіктікте, Эверестің базалық лагеріне апаратын негізгі жолда орналасқан.

“Біз қатты қалдықтарды қымбат өнер туындыларына қалай айналдыруға болатынын және жұмыс орындары мен кірісті қалай қамтамасыз етуге болатынын көрсеткіміз келеді. Біз адамдардың қоқыс туралы түсінігін өзгертеміз деп үміттенеміз”, – деді Густафссон Reuters агенттігіне.

Comments are closed.