Алматы, ауа

Алматы ауасы Жаңа жыл мерекесінде қалай өзгерді?

0
1098

31 желтоқсаннан бастап Ecoinfo.kz сайты Airkaz.org картасынан Алматы тұмшасының қалай өзгергенін бақылап отырды. Мегаполистегі ауа сапасының күрт өзгеруіне мерекелік отшашу және басқа да пиротехниканың атылуы әсер еткенін байқадық.

Airkaz.org – Қазақстан, әсіресе Алматы ауасының сапасын, қалай ластанып жатқанын бақылауға болатын сайт. Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, мұндай карта 2017 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Оған кез келген адам кіріп, өз қаласының ауа сапасын, ластану деңгейін көре алады.

Әуелі Алматы ауасының қар жауған кезде қалай өзгеретіні туралы айтқымыз келеді. Төмендегі суретте 27 желтоқсандағы ауа сапасы көрсетілген. Мегаполисте тұмша азаюына бір себеп – қар.

31 желтоқсан. Сағат 2.39

Алматы ауасының Жаңа жыл мерекесінде қалай өзгеретінін 31 желтоқсаннан бастап бақылап көрдік. 2021 жылы 31 желтоқсанда түнгі 2.39-да мегаполистегі тұмша мынандай болып тұрды:

Ең жоғарғы көрсеткіш  – 173 микрограмм текше метр. Ал ең төмені 20 микрограмды көрсетіп тұр. Мұндай нәтиже Алматының түнгі уақыттағы ауа ластануымен салыстырғанда сәл жоғары.

31 желтоқсан. Сағат 13.10

Күндіз Алматы ауасы біраз өзгерді. Ең жоғарғы микрограмм 194-ке жетсе, ең азы 87-ні көрсетті. Неге екені шамамен түсінікті. Қалада көлік көп, бәрі мереке қарсаңындағы қарбаласта жүрді. Бұған Жылу электр станциясынан шығатын түтінді қосыңыз.

31 желтоқсан. Сағат 17.19

Алматы ауасының сапасы мереке жақындаған сайын нашарлай берді. Кешке қарай, дәлірек сағат 17.19-да мегаполистегі тұмша 315 микрограмнан асты. Ауа сапасы уақыт өткен сайын нашарлай түскенін картадағы қара түтіннен де бірден көруге болады.

31 желтоқсан. Сағат 20.02

Тұмша мен қою түтіннің деңгейі кеш батқанда үдей түсті. Сағат кешкі 20.02-де Алматы ауасы ластанып, картадағы көрсеткіш 371-ге жетті. Airkaz.org сайтындағы қара түтіннің түсі қоюлана түсті. Сонымен бірге осы уақытта қалада отшашудың дауысы шыға бастады.

31 желтоқсан. Сағат 22.26

Төмендегі фотода қаладағы ауа сапасы 502 микрограмға жеткені көрініп тұр. Ал картадағы қара түтін одан сайын қарайған.

1 қаңтар. Сағат 00.02

Қала тұрғындары Жаңа жыл мерекесін қарсы алған уақытта мегаполис тұмшасының көлемі 611 микрограмға жетті. Кейіннен 700 микрограмнан асып түсті.

Ал 1 қаңтар күндіз қаланы төмендегі фотодағыдай қалың тұмша жамылып жатты.

Жалпы мереке қарсаңындағы Алматы ауасының өзгеруі:

Comments are closed.