Алматы мен Нұр-Сұлтанда жаңа жылдық отшашу болмайды

0
868
Отшашу

Тәуелсіздік күніне орай екі қалада да отшашу болған еді.

Елорда мен Алматы қаласының әкімдігі жаңа жыл мерекесінде жылдағыдай отшашу болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы өңірлердің мәдениет басқармалары хабарлады.

Нұр-Сұлтан билігі бір жыл бұрын да пандемияға байланысты осындай шешім қабылдаған еді. Сонымен бірге Алматыда да отшашу болмады.

Десе де, 2021 жылы Тәуелсіздік мерекесінде елдің ірі мегаполисі мен елордада отшашу болды. Алматы қаласында “Астана” алаңынан атылса, астанада бірден үш жерде отшашу болды – Ботаникалық бақ, жағалау және Ақбұлақ өзенінің маңы. Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күніне арналған отшашуды демеушілер ұйымдастырды.

Тағы оқыңыз: Жаңа жыл мерекесінің қоршаған ортаға қандай зияны бар?

Comments are closed.