Ресейдегі өрттен шыққан түтін Қазақстанның екі облысын басып қалды

0
1088
өрт, түтін

Ресейдің Қорған облысында орман өртенді. Содан шыққан түтін Қостанайға жетті деп хабарлайды Zakon.kz. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Қорған облысы бойынша Бас басқармасының хабарлауынша, 6 шілдеде Қорған облысының Новотроицкий елді мекені аймағында орман мен құрғақ шөп өртенген.

Желдің өзгеруінен түтін мен тұмша Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысының шекаралас аймақтарына, әрі қарай Қостанайға ауысты. Қостанайдың өзінде және қала маңында жағдай тұрақты. Өрт жоқ.

Comments are closed.