Алматы

Қазақстанның экологиясы ең нашар аймағы

0
2436

Қазақстанның 10 қаласы елміміздегі ауасы қатты ластанған, экологиясы нашар жер қатарына кіреді. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент.  Бұл жөнінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2020 жылдың аяғында мәлімдеді. 

“Былтыр атмосфералық ауаға жүргізілген экологиялық мониторинг бойынша, 45 елді мекен ішінде 10 қаланың ауасы қатты ластанғаны анықталды. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент. Сонымен қатар ластаушы заттар едәуір бөлінетін аймақ – Павлодар облысы”, – деді министр.

Ластанған қалалар ішінде министр ең бірінші Алматыға тоқталды.

Алматы  ауасын ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-тен, автокөліктер мен қалаға іргелес Алматы облысының газдандырылмаған жеке үйлері пеш жаққанда шығатын түтін ластайды.

“Алматының экологиялық жағдайын жақсарту үшін дайындалған Жол картасында 20  іс-шара қарастырылған. Оның ішінде негізгісі: ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жеке меншік үйлерді газдандыру, коммуналдық және қоғамдық автокөлікті табиғи газға көшіру, дизель отынымен жүретін қоғамдық көлікке кезең-кезеңмен тыйым салу, транзиттік көліктердің кіруіне/жүруіне шектеу қою жағын қарастыру және көгалдандыру”, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қолға алынған шаралар нәтижесінде ластаушы қалдық көлемі 144,0 мың тоннадан 79,5  мың тоннаға дейін немесе 44% қысқарады екен. Яғни атмосфераның ластану индексі жоғары деңгейден (8) орташа деңгейге (6) дейін төмендейді.

“Алайда жаңа Экологиялық кодексті күтпей “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын негізге ала отырып экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолын барлық өңірдегі жұртшылықпен, әсіресе экоактивистермен қарастырдық. Барлығы он жеті онлайн кездесу өткізілді. Жиырма бес  мыңға жуық адам қатысты. Талқылау нәтижесі бойынша жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, 17 Жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарда өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты шаралар қарастырылған”,- деді министр.

Comments are closed.