Балаларға арналған экологиялық байқау
Экобелсенді, экокоуч Алина Хегай Instagram парақшасында балаларға арнап экологиялық байқау ұйымдастырып жатыр. Байқау 31 қаңтарда аяқталады. Ұйымдастырушы жеңімпаздарды 1 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16.16-да жарияламақ.
Байқауға 5 пен 16 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Байқау шарттары:
- Кез келген қалдықтан (пластик, шыны, алюминий, қағаз және тағы басқа) жаңа жылдық бұйым жасау;
- Жасаған бұйымды фотоға түсіріп, Instagram парақшасына жариялауы керек. Жариялаған кезде @fevralina.ecologist парақшасын белгілеуге тиіс. Парақша байқау кезінде ашық болуы қажет.
- Алина Хегайдың Instagram парақшасындағы мына постқа 5 танысыңызды белгілеп кетуіңіз керек.
Байқау 31 қаңтарда аяқталады. Жеңімпаз 1 ақпанда жарияланады. Ұйымдастырушының айтуынша, ең белсенді болған үш қатысушыға экологиялық сыйлықтар беріледі.
Байқауға қатысу үшін мына жерге өтіңіз.