Ғаламдық жылыну ақ аюлардың популяциясына қауіп төндіре бастады

0
612
ақ аю
Норвегияның Шпицберген архипелагында арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың айтуынша, кейінгі кезде аталған аймақтағы мұз тез еріп жатыр. Ал мұндай жағдай ақ аюлардың қорек табуына айтарлықтай кері әсер етеді. Өйткені ақ аю жемтігін көбіне мұз үстінде аулап жейді. Ал мұз ерісе, аюлар аштан қырылуы мүмкін. Себебі енді ол аңшылыққа бұрынғыдан көп энергия жұмсайтын болады.
Айта кетейік, бүгінде Баренц теңізінде шамамен 3 мың ақ аю мекендейді. Ал бүкіл әлем бойынша олардың саны 26 мың деген мәлімет бар.
Мамандардың сөзінше, табиғатта жануар не өсімдіктің бір түрі жоғалып кетсе, табиғи катастрофа болады. Сондықтан жануарларды қорғау, сақтап қалу табиғат үшін өте маңызды.

Comments are closed.